Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі118,09 Kb.
#5112

  1. Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

  • Мақсаты: студенттерді мәдениет әлеуметтануымен, бұқаралық коммуникация әлеуметтануымен таныстыру. Оларды мәдениет ұғымының, бұқаралық коммуникация ұғымының жан-жақтылығымен таныстыру.

  • Дәріс жоспары:

  1. Мәдениет ұғымының түсінігі.

  2. Мәдениет және әлеуметтану.

  3. Мәдениет түрлері

  4. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері.

  5. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

  6. Бұқаралық коммуникация құралдары.

Дәріс тезистері:

«Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгеріп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.



  1. Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника, құрылымдар, т.б

  2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б.

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға)байланысты.Дегенмен,олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар.Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді.Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалр, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа да құрал-жабдық түріне айналады,ал, жаңадан пайда болған техника,құрылғы,технология,т.б жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби(мамандық), эстетикалық, т.б мәдениеттілігі туралы әңгіме қозғайды;Үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, құқықтық жауапкершілігімен ұштастырды.

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып, бұрмаланған.Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттеерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбиенің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың,,өндірістің тигізер ықпалы қамтылмаған, қоғамды ғылыми басқаруға, демократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанаиа тигізетін әсері туралы да, ештеңн айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтын естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынадай үш анықтамасына тоқтаулды жөн көрдік.



  1. Мәдениет – адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы.

  2. Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге,ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.

  3. К.Маркс айтқандай, мәдениет адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегңн, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етііп,күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

Сонымен, мәдениет дегеніміз,жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы жәнпе қоғамдағы құндылықтармен ұштастырып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі.Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы ұғымы нақтыланып, ол теңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті,көркемөнер мәдениеті, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті,т.б түрінде көрініп отырады.

Мәдениет - тұтас бір құбылыс , оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді.Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз күш. Адам іс-әректі дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құрылады:


  1. Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгнрту, қайта құру процесімен байланысты.

  2. Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.

Біздің әлеуметтік дүние танымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресі, шындық, әділеттілік және әдемілік негіздерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің белгілі бір құндылығын қалыптастырады. Бұл жөнінде жүргізілген әлеуметтану зерттеулеріне сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады,ал, адамгершілік қасиеттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілділік қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар: мейірбандық, қайырымдылық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгереді.

Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуында екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытындада бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда.Екінші бағыт, ел-жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән.Бұл бөлікбұрынғы идеологиялық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келмейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды болдырмау үшін жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғыртып дамыту, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымырластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.

Мәдениетті жалпы әлеуметтанудыңарнаулы териясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім,ғылым,этикалық жәнк көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды.

Мәдениет әлеуметтануы қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-тарихи процесс, әр түрлі мәдениеттердің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал, мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне басқа көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді.

Ғылыми әлеуметтану мәдениеті аталмыш саланы бір бүтін қоғамдық жүйе ретінде талдап зерттегенде, оның шығуы, пайда болып дамуын, анықталуын әр уақытта қоғамдық өндірістік тәсілмен байланыстырады.

Жоғарыда көрсетілгендей, мәдениет әр уақытта адамның әлекметтік қызметінде оның тұлға боп қалыптасуы мен оның қалай іске асырылатынын көрсетеді. Мұның өзі екі негізгі түрде болады:



      • Адамның нақтылы іс-қызметінің тәсілі, оның шығармашылық мазмұны;

      • Адамдардың материалдық және рухани болмыс-бітімі өндіріс процесінде олардың іс-қызметінің затқа айналу процесі ретінде көрінеді. Бұл әрбір тарихи дәуірде алуан түрлі ескерткіштер мен мәдени құндылықтар арқылы анықталады, адамның тұлғалық сапасы нақтылы іске асырылғанын аңғартады. Мысал ретінде оқымыстылардың тұжырымдары теория түрінде болып бір уақытта материалдық зат түріне (яғни, техника, станок, алуан түрлі құралдарға,т.б) саяси қозғалыс, әлеуметтік революцияға айналады.

Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

Мәдени әлеуметтану қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілек қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, араласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б жұмыс дәрежелері қалай, олар не істеп жүр,адамдардың, олардың алуан топтарының талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.

Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.

Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға да, денешынықтыру мекемклеріне де (әсіресе, стадион) қатысты.

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты.Ал, оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.

Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл – адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстарытан құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар.Олардың әрқайсысы жоқ объектілердің қарым-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.

Осы таңбаларды,символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.

Мәдениеттің екінші элементі – ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттындыратын құбылыс, процестердің т.б қасиеттерін айтамыз.

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігін білу негізіде және оларды сыртқы дүниедегі басқа заттармен, құбылыстармен салыстыру арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта даму,өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажетті элемент болып есептеледі. Бұл құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар арман, мұрат, т.б толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді.Бұл аталғандар адамдардың алдын ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен қатыынас, байланысының, еңбек пен қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің т.б бағдарламасы болып саналады.

Осыларға сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді жан-жақты, кеңінен зерттеуде.

Олардың басты бағыттары мыналар:


      1. Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу (оның ішінде еңбек, еңбекпроцесі, өндіррісті басқару және әр түрлі еңбекшілер тобының мәдени-техникалық дәрежелерінің көтерілу жағдайлары);тұрмыстық-материалдық мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің территориясын мекендейтін халықтардың экономикалық мәдениетін оқып, біліп зерттеу, әр жынысты адамдардың өндірістегі мәдени қатынастарын т.с.с кеңінен зерттеу.

      2. Мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып)саласында: қоғамның барлық салаларында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту,адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси белсенділігін арттыру,т.б (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты.)

      3. Экономикалық мәдениет саласында нарықытық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.

      4. Мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (территориялық бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей, кітапхана, т.б) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі мәдени қызметін (оқу, мамандандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-селолардың, облыстардың, жалпы республикның мәдени дамуының әлеуметтік және болжам жоспрларын зерттеу, т.б жатады.

  • Иллюстративті құрал: -

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Современные западные исследования социологической классики. - М.: Наука, 1992.

2. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. - М.: Наука. 2002.

3. Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3-х томах. - М.: Наука, 2000.

4. Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических

учебных заведений.- Алматы: Санат, 1997.

5. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002.

6. Тажин М., Аяган Б.Социология негіздері. Алматы, 1992.

7. Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы: Ғылым, 2004.

Қосымша:

1. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб, 1910.

2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. – М-, 1991.

3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1992.

4. Сорокин П.Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.

5. Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990.

6. Структурно-функциональный анализ в современной социологии. – М., 1968.

7. Большой толковый социологический словарь. Дэвид жерри, Джулия жерри. Т. 1,2., 1999.

8. Габдуллина К.Г. Общества прогресс и регресс. А., 2003.


  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

Мәдениет ұғымының түсінігі

Мәдениеттің түрлері

Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет

Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі.

Бұқара ұғымының мағынасы.



Бұқаралық коммуникация құралдарыү
Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> Мазмұны кіріспе 1 Саясаттану пәнінің әдістемелік негізі
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет