Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жақсы өссе Сабақтың мақсаты: «Табиғатты қорғау»



Дата31.07.2017
өлшемі28,91 Kb.
#22320
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жақсы өссе...
Сабақтың мақсаты:
1. «Табиғатты қорғау» туралы әңгімелеу, табиғат-тағы адамның алатын орны және табиғатты қорғауда адамның қызметін білу.

2.Қазақша сөйлеу қабілеттерін дамыту,белсенділіктерін арттыру,сөздік қорын молайту.

3. табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастыру, қоршаған орта мен табиғатты сүюге, жанашырлық сезімге баулу,оны сақтап,қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Табиғат туралы әр түрлі суреттер,Бурабайдың әсемде,көрікті жерлерінен видио,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені:

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кіріспе бөлім.

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан үзінді оқу.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын

Көкшетау-Қазақстанның ең бір сұлу өлкесі.Көкшетаудың табиғат сұлулығына таңданып отырып, оны «Қазақстанның Швейцариасы» деп атайды.Қазір осы өлкенің табиғатын көру үшін саяхат жасаймыз.

( Түрлі слайдтарды көріп тамашалаймыз)


Осындай көрікті жерлеріміз басқада аймақтарда баршылық.Олар Баянауыл,ҚарқаралыАлтай,Жетісу өңірі т.б.
Табиғат дегеніміз не?Олар орман, өзен,көл, тау, шалғын шөп,адам...

Мәтін бойынша жұмыс.220-бет «Өсімдік жақсы өссе...»

Сөздік жұмысы.

Сұрақтарға жауап:

Табиғатсыз өмір бар ма?

Тіршілік көзі не?

Ең ұзақ өмір сүретіндер кімдер?

Академик К.А. Тимирязов не деді?т.б.

3-тапсырма:Сөздерді орындарына ретімен қойып жазыңдар.

Зат есімдерді қайталау

Жалғаудың түрлері:жіктік жалғау, тәуелдік жалғау,септік жалғау, көптік жалғау.

3-тап:Зат есімдерді көшіріп жазып,

I-топ көптік жалғау жалғайды. II-топ септік жалғауын жалғайды

Сұрақ-жауап:

1.Татиғат адамдардан қамқорлық ...

а)күтеді


ә)талап етеді

б)қажет етпейді т.б.

3. Сөз ойыны. Табиғатта қандай әрекет жасауға

Болады Болмайды

өсіруге, отырғызуға, қопсытуға ... ластауға, жоюға, таптауға ....



ІҮ. Қорытынды.

1.Балалар, сурет көрмесіне көңіл бөліңдер. Бұл суреттерді біздің мектеп оқушылары салған. Жаңа ғана оқыған әңгімелер, мынау суреттер барлық адамдарды, сендерді неге шақырады, ойланып үндеу жазыңдар. Қалай жасайсыңдар, сызба ретінде, өлең немесе қағида бола ма өздерін шешіңдер.

2. Мәнерлеп оқу.

Терек –бүрін қорғайды. Таза болсаң судай бол,

Тікен –гүлін қорғайды, Бәрін жуып кетірген.

Ара – балын қорғайды, Жақсы болсаң, жердей бол,

Құлын –қағын қорғайды, Бәрін шыдап көтерген.

Киік –лағын қорғайды,

Шағала – көлін қорғайды,

Шопан – төлін қорғайды,

Егінші –жерін қорғайды,

Ер жігіт –елін қорғайды.



Мұғалім: Әрқашан есте сақтаңдар:

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Жер-қазына, су – алтын, мал – байлық.
Айналаңды қоршаған

Табиғатты сүйе біл.

Қауіп- қатер төнсе оған,

Қамқорға алып сүей біл.

Үй жұмысы. «Өз ауылымның табиғаты» туралы шығарма жазу.


Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы «Волошинка орта мектебі» КММ

Северо-Казахстанская область Есильский район

КГУ «Волошинская средняя школа»

Ашық сабақ
«Өсімдік жақсы өссе...»

8-сынып


Дайындаған:қазақ тілі мұғалімі

Біләлова Ө.Ә.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет