Сабақтың мақсаты: Білімділік: Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер туралы әңгімелеу,білімдерін толықтыру



бет1/2
Дата01.06.2017
өлшемі1,01 Mb.
#17383
түріСабақ
  1   2

Тақырып: Байқоңыр – ғарыш айлағы. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер туралы әңгімелеу,білімдерін толықтыру. 

Дамытушылық: Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дүниетанымын кеңейту, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру. Туған елге, жерге сүйіспеншілік сезімін арттыру. 

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдістер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау элементтері

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материал (стикерлер, кеспе қағаздар, кеспе тапсырмалар), оқулық, суреттер, микрофондар, ноутбуктар
Сабақ жоспары:

«Ой қозғау»

«Қызығушылықты ояту»

«Мағынаны тану»

1. «Сөздік жұмысы»

2. «Мәтінмен жұмыс»

а) «Бірін-бірі оқыту»; ә) «Автор орындығы»; б) «Ашық микрофон»


«Ой тастау»

Өзіңді тексер

«Ой түйін»

Рефлексия

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу, түгендеу




-Сабаққа назарларын аудару

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Төреғали Төрәлі «Байқоңыр» әнін тыңдап отырып, сурет қиықтарын жинау

Сыңарын тап – (берілген сурет қиықтары бойынша өз жұптарын табады, сол арқылы жаңа тақырыпқа шығады)

(Байқоңыр – ғарыш айлағы. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері. Тоқтар Әубәкіров. Талғат Мұсабаев.)

Идеялар оқулығы – (сабақта не істейміз? Болжамды стикерлерге жазып, идеялар қалпағына жапсыру арқылы сабақ мақсатын анықтайды)

Топ ережесін құру «Бір-біріміздің тыңдаймыз! Әркімнің пікірі құнды!»

сыныпты 3 шағын топқа бөлу; бағалау парақтарының критерийлерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі «Ой қозғау»

Анықтау тест

Тапсырма

Жауап

Қ.И.Сәтбаев қай жерде дүниеге келген?

Баянауылда

Қ.И.Сәтбаев атындағы университет қандай?

ҚазҰТУ

Қ.И.Сәтбаев қай саланың ғалымы болған?

кен геологиясы

Қ.И.Сәтбаев еңбек жолын қай жерден бастаған?

Жезқазған, Ұлытау өңірінен бастады


Тірек сызба арқылы Қаныш Сәтбаев туралы білімдерін тексеру


Балама тест




Дұрыс (+)

Бұрыс (-)

Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым және коғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик.

+




Қ.Сәтбаев қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

+




Оның ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.

+




Қ. И. Сәтпаев құрметіне Жезқазған облысындағы аудан аталған.




-

1945 жылы Жезқазған өңірінің кенді орындарын зерттеп, мыс қорын ашқандығы үшін геология-минералогия ғылымының докторы




-

Қ.И.Сәтбаев еңбек жолын Жезқазған, Ұлытау өңірінен бастады.

+






Жаңа тақырыпқа дайындық

Эпиграф: «Барлығын да адам қиялдаған,

Қиялдан жер бетіне сия алмаған.

Ойлап – ойлап отырып кілемімен

Аспанға ұшудан да ұялмаған.»

М. Мақатаев

- Ғарышқа ұшқан адамды кім не дейді? Американың ғарыш кемесімен ұшқан адам «астронавт» деп аталады. Қытай кемесімен аттанса, «тайконавт» делінеді. Малайзия ғарышкері ұшқаннан кейін «ангкасаван» деген сөз де пайда болған. Ағылшындар астронавты да, космонавтты да қолданады.

ғарышкер, астронавт (Батыс елдерінде баламасы: астро және nbutes – теңізде жүзуші), космонавт (ТМД елдерінде – грек. kosmos – ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам.
Ассоциация «Ғарыш» сөзіне (тақтада жазу)

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Мағынаны тану

Белка және Стрелка - кеңестік ғарышкер - иттер, бірінші жануарлар, ғарышқа ұшып, Жерге аман-есен оралған. Ұшу кемесі «Спутник-5» болды. Ұшу 19 тамыз 1960 жылы басталды, ұшу кемесі Жердің айналасында айналып, 25-тен астам сағат болды. Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір.  Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.

-Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.

1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.

2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.
1. «Сөздік жұмысы» - (суреттер көрсету, оқу, аудару, дәптерге жазу)

Өздерің байқағандай, ғарышқа қатысты сөздерді анықтау сендерге қиындық тудырып тұр. Олай болса, тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысайық.

Жер серіктері – спутники, ғарыш айлағы – космодром, Жердің тартылыс заңы – закон притяжения Земли


2. «Мәтінмен жұмыс» - (оқу, аудару, түсіну постер қорғау)

а) «Бірін-бірі оқыту» (мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді.)

ә) «Автор орындығы» (мәтіндегі негізгі ойды таңдап алады да дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып таңдаған ойын автор орындығында қорғайды.)

б) «Ашық микрофон» (әр топ бір-біріне сұрақ қойып, жауап қайтарады)
1-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру
Байқоңыр бүгінгі таңда халықаралық ғарышайлақ болып та табылады. Онда әртүрлі елдердің ғылыми және коммерциялық зерттеу бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ол 7 360 шаршы километр жерді алып жатыр.

Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық стансылары, байланыс мақсаты үшін пайданылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» жасанды серіктері ұшырылды.

Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.


2-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27-де Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ұлты –қазақ.

Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал-майоры, 1965-1969 жылдары «Армавир әуе қорғанысы» ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш-инженер. Кейін Мәскеу авиация институтын тамамдады.

1991 жылы 2-нші қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, “Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1991 жылдың 10-ыншы қазанында Жерге оралды. Тоқтар 45 жасында ғарышкер атанды.

1988 жылы Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының батыры» атағы, ал 1995 жылы Қазақстан Республикасы Халық қаһарманы атағы берілді.



3-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру
Талғат Мұсабаев Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 1951 жылы қаңтардың 7-сінде туған.

1993 жылы Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітірді. 1974 жылы — Рига азаматтық авиация инженерлерік институтын бітірген, инженер. 1987—1990 жылдары азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған. 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтығы 208 тәулік «Союз ТМ-27» және «Мир» ғарышкемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Әскери әуе күштерінде 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2007 жылдан бастап — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының «Халық Қаһарманы» және Ресей Федерациясының Батыры.
Жаңа тақырыптың түсінуін тексеру кезеңі

Ой тастау «Өзіңді тексер» - (грамматикалық тапсырмалар орындау)
1. Мына сөздерге морфологиялық талдау жасау: Кемесімен, зерттеушілер, зымырандардың Кемесімен - кеме - зат е., -сі - тәуелдік жалғау ІІІ жақ, -мен - К.с.

Зерттеушілер – зерттеу – етістік, -ші – зат е. тудырушы жұрнақ, -лер - көптік жалғау

Зымырандардың – зымыран – зат е., -дар – көптік жалғау, -дың – І.с.
2. Сөйлемге грамматикалық талдау жасау

1-топ Байқоңыр – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.
2-топ Тоқтар Әубәкіров 1946 жылғы 27-ші шілдесінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында

дүниеге келген.


3-топ Талғат Мұсабаев Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 1951 жылы 7-ші

қаңтарда туған.
3. Сәйкестендіру


Қазақтың тұңғыш ғарышкері-Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Кеңес Одағының Батыры атағын қай жылы алды?




(1984)

Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы болып қай жылы танылды?




(1995)

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Алматы әуе клубын қай жылы бітірген?




(1988)

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда неше күн ғарышта өткізген?




(208 күн)



Білімді бекіту кезеңі

Ой түйін

Ашық тест сұрақтарына жауап беру

1. Байқоңыр – ғарыш алаңы қайда орналасқан? Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

2. Байқоңырдан ұшқан тұңғыш ғарышкері кім? Т.Әубәкіров

3. Т.Әубәкіров «Байқоңыр» ғарыш алаңынан қандай ғарыш кемесімен ұшты? “Союз ТМ - 13”

4. Байқоңыр ғарыш алаңы қай жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтті? 1991 жылы

5. Талғат Мұсабаев қай жылдан бастап Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы атанды? 2007 жылы


1-топ туған жерге қатысты 3-5 мақал-мәтел жазу

2-топ ВЕНН диаграммасын сызу

3-топ Синквейн “Бес жол өлең“
Қорытынды

Сабақтан алған әсерім «Бағдаршам»

Тақтада ілінген бағдаршамға өз белгілерін бекіту: (қызыл түс – мақсатқа жеттік, сары түс - мақсатқа жартылай жеттік, жасыл түс – еш нәтиже болған жоқ)
Каталог: uploads -> doc -> 059c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
059c -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
059c -> Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Мақсаты: Білімділік мәні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет