Басылым қағазын дайындау технологиясы
Басылым қағаздар шығару әдісіне қарай, былай жіктеледі: борланған және борланбаған; өңдеуіне қарай – күңгірт және жылтыр, талшықты құрамына қарай класстарға бөлінеді, олар нөмірлермен белгіленеді (№1 таза целлюлоза, №2,3 ағаш массасынан жасалынған); пішімі бойынша рулондық және табақтық; басылыс әлісіне қарай, шығыңқы, офсеттік, ойыңқы; басылыс өлшемінің сипатына қарай – газеттік, кітап-журналдық, картографиялық, афишалық т.б.; қасиеттеріне қарай – түрлері мен белгілерге бөлінеді, олар әріптермен және нөмірмен белгіленеді. Басылым қағазының полиграфияда мынандай түрлермен, маркілермен классификацияланады. №1А,Б №2А;Б,В,Г. Велин, верже, крафтік, былғары, картографиялық, газеттік, борлы, жылтыр, офсеттік, фототиптік, баспалық, баспаханалық т.б. Мақсатына қарай басылым қағаздары былай бөлінеді.
1. Рулондық
2. Табақтық
Қатырма - бұл көпшілігі өсімдік тектес талшықтан тұратын, 1 м 2 массасы бойынша жеңіл және ауыр қатырма боп бөлінетін материал. Қатырма бір немесе көп қабатты, массасы 150-600 г/м 3 болып келеді. Қабаттарының қалыңдықтары (жалпы % бойынша алғанда) бет жағында – 25%, қаттамасы үшін - 55 %, ал сырт жағынан - 20%. Түптеме қораптар үшін «құйылмалы», борланған қатырма – борланбағанмен салыстырғанда басу және лактау кезінде жақсы нәтиже алуға мүмкіндік беретін қатырма. Борланбаған қатырма қойма қораптарына арналған – тегіс, беті жылтыр басылым қасиеттері жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |