34-сурет. В.Р.Вильямс лизиметрі
Лизиметрлік воронкаларда табиғи құрылымды топырақпен зерттеу жүргізуге болады (35,36-суреттер).
35-сурет. А.В.Ключарев лизиметрі
36-сурет. Эбермайердің лизиметрлік воронкалары:
– воронкаларды орналастыру жоспары;
– бір воронка кесіндісі; С - әртүрлі тереңдікте во-ронкаларды орналастыру сызбасы
Лизиметрлік воронкаларды тұңғыш рет 1879 жылы Эбер-майер қолданған.
Топырақтың қоректік заттарының сарқылуы құралдың конструкциясына, оның тереңдігіне, өсімдік түріне, жүргізілетін байқау мерзімі мен уақытына және сарқылу коэффициентінің шамасына әсер ететін басқа да факторларға байланысты болады.
Топырақ құрамындағы қоректік заттардың ысырап болу мәселесін зерттеу жөнінде лизиметрлік әдістемені қолданудың нәтижелерінен бірнеше мәліметтер келтірейік.
Зеельхард жылжымалы металдан жасалған тереңдігі 1,33 м лизиметрде 5 жыл бойы саз және құм топырақтарда азоттың ысырап болу құбылысын зерттеді. Оның жүргізген тәжірибесі бойынша орта есеппен жыл сайын гектарға шаққанда саз топырақтан 60,9 кг, құмнан 28,8 кг азот ысы-рап болады екен. А.В.Ключарев тәжірибесінде тереңдігі 20 см лизиметрдегі топырақтағы нитратты азоттың ысырап бо-луы бір гектарға есептегенде 43 кг-ға жеткен.
Зеельхард тәжірибесінде құмнан сарқылған су мөлшері саз топырақпен салыстырғанда 16% артық, керісінше, азоттың
ысырап болуы екі еседей төмен. Зеельхард өз тәжірибесінің мәліметтеріне сүйене отырып мынандай тұжырым жасайды:
азоттың шайылуы сарқылған су мөлшеріне байла-нысты емес;
топырақ құрамындағы азоттың жылжымалы түрінің жоғары болуы, оның шайылуын арттырады.
Топырақтағы азотты қосылыстардың жылжымалылығына оның механикалық құрамы біршама әсерін тигізеді. Гейльман құм және саздақ топырақтарға берілген натрий селитрасының құрамындағы азоттың шайылуын анықтады. Ол үшін сыйымдылығы 0,4 м 3 және биіктігі 1,3 м лизиметрдің біреуін құммен, екіншісін саздақ топырақпен толтырып әркайсысына 50 г азотты натрий селитрасы түрінде береді де 20 ай бақылау жүргізеді (11-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |