«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-кесте. Топырақ дақылдарына арналған тыңайтқыштар



бет42/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

9-кесте. Топырақ дақылдарына арналған тыңайтқыштар



Дақылдар

1 кг топыраққа арналған қоректік







зат мөлшері, г










N




P2О5




K2О
















Астық тұқымдастар

0,15




0,10




0,10

























Бұршақ тұқымдастар

0,10-0,15




0,10-




0,10-0,15







0,15

























Картоп

0,12




0,20




0,28

























Қант қызылшасы

0,15




0,22




0,22

























Мақта

0,24




0,36




0,06-0,09

























Темекі

0,20-0,30




0,10-




0,20-0,30







0,20

























Қырыққабат

0,15-0,20




0,20-




0,20-0,25







0,25

























Қияр

0,15-0,20




0,15-




0,20-0,25







0,20

























Асханалық қызылша

0,15-0,20




0,20-




0,20-0,25







0,25

























Сәбіз

0,15-0,20




0,20-




0,20-0,25







0,25

























Пияз

0,10-0,15




0,10-




0,15-0,20







0,15

























Қызанақ

0,10-0,15




0,15-




0,20-0,30







0,20

























Өсімдіктің таза сортты өнген тұқымын егеді. Тұқымды 1%-дық формалинмен дәрілеп жақсылап сумен шаяды да,



108 109

дымқыл құм салынып, беті сүзгі қағазбен жабылған 20-250С жылы жерде өндіреді. Өндірілген тұқымды пинцетпен теріп алып ыдыстағы тереңдігі 0,5-2,0 см тесікке салады да бетін құммен жабады. Тұқым алғаш рет қаулап шыққан кезде барлық ыдыстарда бірдей мөлшерде өсімдіктер қалдыру үшін олардың артықтарын пинцетпен жұлып тастайды. Ыдыстарға ұзындығы мен жуандығы бірдей тіреу таяқшалар орнатады.

Вегетациялық тәжірибеде өсімдікті күтудегі ең маңызды және ауыр жұмыстардың бірі – ыдыстарды массасы бой-ынша суару. Топырақты күн сайын дистилденген сумен тәжірибе жоспарында көрсетілген ылғалдылыққа дейін су-арады.


Ыдыс массасын былайша есептейді: айталық топырақтың толық ылғал сыйымдылығы 50%, ал өсімдікті толық ылғал сыйымдылықтың 60%-ына дейін суару керек делік. Демек, ыдыстағы топырақ массасына қатынасы мынадай болады:


50 60 = 30%

100

Ыдысқа салынған топырақ ылғалдылығы 15% және оның массасы 2,5 кг. Сонда ыдыстағы абсолютті құрғақ топырақ массасы мынаған тең болады:
2500 100 = 2174ã
115

Бұл топырақты 30%-ға дейін ылғалдандыру үшін қажетті су массасы мынадай болады:


2174 30 = 632, 2ã
100

Сырты қапталған бос ыдыс массасы 1000 г. Құм масса-сы – 400 г, құмдағы су массасы – 60 г, шыны таяқша мен тіреуіш массасы – 40 г.


Осылардың барлық жиынтығын қосқанда: 1000+400+60+2174+632,2+40 = 4306 г болады.


Суарған кезде ыдыстың жеткізілуге тиісті массасы қаптамаға жапсырылған этикеткаға жазылады. Суару кезінде ыдысты өсімдігімен қоса табақшалы таразыда өлшейді.


Ыдыс этикеткасында көрсетілген салмаққа жеткенше түтік арқылы дистилденген су құяды.

Өсімдіктерді күніне бір немесе ыстық күндері екі рет суару керек. Тәжірибе жүргізілетін дақылдарға қажетті жарықтың жағдайы біркелкі болу үшін оларды суарған сай-ын орындарын ауыстырып отырады. Тәжірибе барысында фенологиялық байқау, өсімдіктердің кезеңдерінің баста-лу мерзімін белгілеу жұмыстарын міндетті түрде атқарып отырған жөн. Қажет болған жағдайда суретке түсіріп алған дұрыс.


Дақылды толық піскенде жинайды да оның негізгі және қосалқы өнімдерінің мөлшерін анықтайды.




3.3 Құм және су дақылдары

Топырақ құрамының өте күрделі болуы өсімдіктің та-мыр арқылы қоректену мәселесін жан-жақты зерттеуді шектейді. Сондықтан өсімдік қоректенуін қатаң бақылау жағдайында зерттеу үшін таза кварц құмы мен дистил-денген суды пайдаланған дұрыс. Құм және су дақылдары әдістемесі негізінен физиологиялық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Бұл вегетациялық тәжірибелерді жеке химиялық элементтердің рөлін, өсімдіктің өсу кезеңінде қоректік заттардың жетіспеушілігін, физиологиялық және биохимиялық үрдістердің өзгеруін, антагонизм мен синер-гизм құбылыстарын, тамыр жүйесі мен қоректік ерітінді арасындағы иондардың алмасуын, қоректік элементтерді сіңіру энергиясын анықтау мақсатында қолданады. Ол үшін әртүрлі қоректік қоспаларды пайдаланады. Қоспалар бір-бірінен қоректік элементтердің санына, тұздардың түріне, реакциясына және концентрациясына қарай ажы-ратылады.


Тәжірибеге арналған құмды органикалық заттардан (өсімдік тамыры, сабағы т.б.) тазартады да, диаметрі 0,5-0,7 мм електен өткізеді.

Вегетациялық ыдыстарды дайындау, оларды субстрат-



110 111


пен (құм) толтыру, тұқымды себу жұмыстары топырақ Тұқымды мынадай әдіспен өсіреді: дымқылданған

дақылдарына ұқсас жүргізіледі. сүзгі қағаз салынған Петри табақшасына тұқымды өндіріп


Суда еріген минералды тұздардың жасанды қоспасында алады. Өнген тұқымды сыйымдылығы 1-1,5литрлік


өсірілетін өсімдіктерді су дақылдары деп атайды. түбінде ерітілген парафинге батырып алынған дәкесі бар


Вегетациялық тәжірибені шыны ыдыстарда (банка) кристалдандырғышқа ауыстырады. Тұқымның өнуіне


жүргізеді және 6-кестеде көрсетілген қоректік қоспаларды қолайлы температура жасалады, ол үшін ішінде бөрткен


пайдаланады. Тәжірибе мақсаты мен өсімдік түріне байла- тұқым салынған кристалдандырғышты жылы орынға


нысты сыйымдылығы 1-6 литрлік шыны ыдыс алып, жұқа (термостатқа) қояды. Өсімдік кристалдандырғышта 1,5-2


ағаш тақтайдан қақпақ дайындайды. Қақпақта үш тесік бо- апта өседі.


лады: бірінші қақпақтың ортасында өсімдік үшін, екінші


– ауа үрлеуге пайдаланатын шыны түтікшеге арналған,


үшінші - өсімдікті байлайтын ағаш таяқшаға арналған тесік.


Тығындарға парафин жағады. Бұдан соң шыны ыдыс сыр-


тына біркелкі етіп қара лак, ол кепкен соң оның үстіне ақ


эмаль бояуын жағады. Ақ түс күн сәулесін шағылыстыру


үшін қажет. Содан кейін тәжірибеге қажетті өсімдік өскінін


немесе көшетін өсіруге кіріседі. Ол үшін өлшемдері бірдей,


ауруға шалдықпаған әрі толық жетілген тұқым іріктеп алы-


нады (29,30-суреттер).





29-сурет. Су дақылдары: қызанақпен жүргізілген вегетациялық тәжірибе
30-сурет. Суда өсірілген дақылдарды бекіту әдістері: 1 – көшетті отырғызу кезінде; 2 – тамырланған кезінде; 3 – парафинденген ағаш қапқаша;


4 – сузгі қағаздан жасалған орама

Осы уақыт ішінде өсімдік тамыры вегетациялық ыдысқа отырғызуға жеткілікті ұзындыққа жетеді (1-1,5 см).


Өнген тұқымды ыдыстың дәке қақпағының тесігіне астыңғы жағынан орналастырады. Содан кейін ыдысқа дис-тилденген су құяды. Мұнда тамыршалардың үзіліп қалмауын және ұштары судың бетіне жетіп тұруын қадағалау керек.



112 113


2-3 күн өткеннен кейін ыдыстағы суды қоректік қоспамен алмастырады. Сулы дақылдар өсімдігіне күтім жасағанда, оның тамырына қажетті қоректік элементтерді оттекпен бай-ыту үшін күн сайын 5-10 минөт үрлеп отырады. Ауа үрлеуді былайша атқарады. Ыдыстың тығынының тесігі арқылы оның түбіне дейін шыны түтік батырып, бүріккішпен ауа айдайды. Ыдыстағы қоректік қоспа буланып азайған сайын, тиісті деңгейге жеткенше дистилденген су құйып отырады. Вегетациялық кезең ішінде қоректік қоспаны 3-4 рет толық ауыстырады. Кейбір өсімдіктер үшін қоспаларды жиі ауыстырудың мүмкіндігі болмаған жағдайларда Прянишников, Цинцадзе қоспаларын пайдалануға болады. Бұл қоспалардың буфер тұздары Ca3(PO4)2, Fe3(РO4)2 орта реакциясының ұзақ уақыт бірқалыпты деңгейде сақталуына мүмкіндік береді.


3.4 Өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру әдісі

Топырақ дақылдарымен салыстырғанда құм және су дақылдарының қоректік қоспаларының концентрациясын бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға болады. Бірақ, өсімдіктің қоректік элементтерді пайдалану барысында осындай жағдайлардың өзінде де субстраттың концентрациясы мен реакциясы өзгереді. Сондықтан тәжірибе бағдарламасына сәйкес ұзақ уақыт қоректік заттардың тұрақты концентра-циясы мен реакциясының немесе олардың арақатынасының өсімдікке әсерін зерттеу қажет болса, ағатын ерітінді әдісін қолдану керек. Кезінде бұл әдісті Д.Н.Прянишников зертханасында өсімдіктің аммоний және нитрат ионда-рын қабылдауда орта реакциясының әсерін анықтау үшін пайдаланған. Ағынды ерітінді әдісімен орындалатың тәжірибе сызбасы 31-суретте көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет