адсорбцияның дифференциалды жылуы дегеніміз адсорбтивтің аз мөлшерінің қосымша адсорбциясы кезінде бөлінген және оның 1 моліне шаққандағы жылу мөлшері.
Адсорбцияның дифференциалды жылуы процесс барысында төмендейді, себебі, белсенді орталықтар азайған сайын адсорбтив молекулалары беттің неғұрлым белсенділігі аз учаскелерінде адсорбцияланады.
Кеуекті емес адсорбенттердегі физикалық адсорбция жылдамдығы өте жоғары: адсорбциялық тепе-теңдік 10-20 с-та орнығады және адсорбтивтің 90-95%-і алғашқы 1-2 с-та байланысады. Адсорбция жылдамдығы диффузия жылдамдығымен анықталады, яғни адсорбтивтің адсорбент бетіне жету жылдамдығымен.
ал электролиттер адсорбциясы кезінде электролиттің иондарының бірі таңдамалы адсорбцияланады
Адсорбцияға әсер ететін факторлар
адсорбент
температура
орта
Электролиттердің адсорбциясы.
Күшті элеткролиттердің сулы ерітінділерден адсорбциясы ионды адсорбция деп аталады.
Электролиттер адсорбциясының ерекшелігі – катион мен анион адсорбциясының тепе-тең еместігі. Әрқашан иондардың бірі таңдамалы адсорбцияланады.
Адсорбция дегеніміз фазалар бөліну бетінде газтәрізді және еріген заттардың жинақталуы. Газ тәрізді және еріген заттарды адсорбтив, ал оларды адсорбтаған сұйық немесе қатты денелерді адсорбентдеп атайды. Лиозольдердің коагуляциясы, коллоидты тұнбалардың пептизациясы және бөлшектердің заряд белгісінің өзгеруі адсорбциямен тығыз байланысты.
Адсорбцияны физикалық немесе ван-дер-вальстік, химиялық немесе хемосорбциядеп жіктейді: Физикалық адсорбция өздігінен жүреді. физикалық адсорбциядағы адсорбциялық күштердің табиғаты молекулааралық немес вандер ваальстік және олар әрқашан қайтымды.
Адсорбцияланган зат мөлшерін анықтау мына әдістерді колданады:
1915 жылы Америка ғалымы Ленгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясы. Теорияның негізгі қағидалары.
Кемшілігі -Ленгмюр адсорбцияланған молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштерін ескермегендігін айта кету керек. Мономолекулалық теория қағидалары физикалық адсорбцияның кейбір жағдайларын түсіндіре алмайтындықтан, физикалық адсорбция полимолекулалық тұрғыдан қарастыруды талап етеді.