Масақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жолшибаев Еркебулан Тулегеновичтің 11 «А» сыныбына



Дата14.02.2023
өлшемі13,93 Kb.
#168731
түріСабақ
Байланысты:
Ата - ананың пікірі


Масақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жолшибаев Еркебулан Тулегеновичтің 11 «А» сыныбына 16.01.2023ж Қазақстан тарихынан өтілген сабағына
Пікір

Мен ата – ана ретінде қызым Саитова Гүлназдың сабағына қатыстым. Қатысудағы мақсатым мұғалімнің сабақ өту барысын, қызымның пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін бақылау. Сабақ маған ұнады, қызымның пәндік білімінің жоғары екенін байқадым, өйткені сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары, оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған. Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, үй тапсырмалары сұралық өткенін бір пысықтау байқалды, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Лото» ойыны және «Сөзжұмбақ шешу» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген. Жаңа материалды ашу бөлімінде тарихи сызбаларды ұтымды пайдаланды. Сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.


Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды. Қызым бағалауға белсенді тартылды. Сабақты қорытындылау жүзеге асырылып, оқушылар кері байланысты ауызша беру арқылы сабақты қорытындылады, рефлексия жасады. Жалпы дидактикалық немесе әдістемелік, тарих пәнін оқуға тән принцптердің жүзеге асуын бақылау кезінде қосымша Quizziz платформасындағы тапсырмаларды пайдаланып, оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Сабақта уақытты тиімді пайдалану бойынша жаттығуларды ұсыну мен орындату барысында уақыт жетпей қалып отырды. Оқушылардың білімін әділ бағалауда оқушыларға өзін – өзі бағалауға мүмкіндік берілді. Мұғалімнің сабағы маған өте ұнады.
Ата – ана: З.Худайбердиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет