«Айқын мақсат қоя отырып»


  «SMART (ақылды мақсат)»



Pdf көрінісі
бет63/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

 


79 
«SMART (ақылды мақсат)» 
 
S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - 
уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп 
жүргізілуі шарт. 
 
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама 
жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе
аяқталған нұсқасы болуы қажет. 
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»; 

«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; 

«Мен өзімді....үшін мақтар едім»; 

«Маған ерекше ұнағаны....»; 

«Сабақтан соң мен... жасағым келді»; 

«Мен... туралы армандаймын»; 

«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; 

«Мен... орындадым»; 

«...қызықты болды»; 

«...қиын болды»; 

«...мен түсіндім»; 

«Енді мен ...»; 

«...сезіндім»; 

«Мен үйрендім»; 

«Мені... таңқалдырды» және т.б. 
 
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: 
Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты 
бір немесе бірнеше дәйексөз табады. 
2-қадам: 
Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан 
алғанын белгілеп қояды. 
3-қадам: 
Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін 
жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз 
еріктері. 
4-қадам: 
Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады. 
5-қадам: 
Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз 
көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап 


80 
тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім 
де өз түсінігін беруіне болады. 
6-қадам: 
Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді 
оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы 
жерде пікірталас аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет