89
Жүреді ылғи … . (күнделігім)
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … . (Ана тілім)
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам
жағып берген
Айналайын … . («Әліппеден»)
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … . (дәптерімді)
«Үлдірленген критерийлер»
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген
карточкалар дайындаңыз.
«Үндеме!»
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші»
деп санап, екі
топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп,
туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1
қаңтарда туған
оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.
«Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам:
Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам:
Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.
3-қадам:
Жұмыс
нәтижесін жұпта, топта талқылау.
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
Мәтіннен
ерекше әсер
еткен
немесе ой салған
дәйексөз келтіру
Жеке түсінік беру:
осы
дәйексөзді
жазуға не мәжбүр
етті?
Қандай ой
тудырды?
Осыған
байланысты
қандай
сұрақ туды?
«Мұғалімге
хат»
-
сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: