92
«Шаршылар»
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады.
Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті
болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне
сенімді болса, жасылмен
бояйды.
«Шаттанушы мен күдікшіл»
Бастаушы бір сөйлем айтады,
келесі қатысушы оны жағымды
пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз
пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.
Мысалы, «Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты», «Бұл
жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз», «Жоспарымды
талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін», «Маған сын
айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі
сабаққа ескертпелер бойынша
дайындаламын», «Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл
жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды» т.с.с.
Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман
жағы,
тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын
бағамдап жүреді.
«Шатасқан әңгімеші»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын
белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да,
ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді.
Осылайша өз
ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға
жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі
мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады.
Сөз тиген адам әлгі
әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп
басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді
келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын
жетілдіруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: