461
|
Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы
|
|
461 1б
|
1. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, —
|
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 2б
|
2. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлiк құралдарын басқару, -
|
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461. ч.3
|
3. Көлік құралына көрінеу жалған (жасанды) мемлекеттік тіркеу белгілерін (белгісін) орнату –
|
жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғаларға — елу айлық есептік көрсеткіш, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 3–1 (жаңа бап)
|
3–1. Көрінеу жасанды мемлекеттік тіркеу белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару —
|
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және алты мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
|
461 4б
|
4. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -
|
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 5б
|
5. Тежегiш жүйесiнiң, басќару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
|
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 6б
|
6. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
|
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 7б (жаңа бап)
|
7. Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралдарын басқару, —
|
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461 8б (жаңа бап)
|
8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
|
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461–1 (жаңа бап
|
Көлік құралын басқару кезінде адамның телефон не радиостанция пайдалануы
|
|
461–1 1б
|
1. Көлік құралын басқару кезінде адамның телефон не радиостанция пайдалануы –
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
461–1 2б
|
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
|
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
462
|
Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi
|
|
462 1б
|
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, —
|
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
462 2б
|
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, —
|
он айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
462 3б
|
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, -
|
он бес айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
462 4б (жаңа бап)
|
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
|
жиырма айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463
|
Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық көлiк құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау және жол қозғалысы ережелерiн басқадай өрескел бұзуы
|
|
463 1б
|
1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң маршруттық көлiк құралдары аялдау, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдiктерiн, мотоциклдердi жүргiзу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы уақытында немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн құралдарды пайдалану ережелерiн бұзу, -
|
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463 4б (жаңа бап)
|
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
|
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–1 (жаңа бап)
|
Қиылыстардан өту ережелерін бұзу
|
|
463–1 1б
|
1. Жүргізушіні тоқтауға мәжбүр еткен көлік кептелісі пайда болған жағдайда көлденең бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіріп, жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту, -
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–1 2б
|
2. Жол жүрісі ережелерінің қиылыстан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау, -
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–1 3б
|
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
|
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–2 (жаңа бап)
|
Маневр жасау ережелерін бұзу
|
|
|
1. Жол жүрісі ережелерінің қозғалу, қайта орналасу, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал беру талаптарын орындамау -
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
|
2. маневрлар жасау тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа шегіну -
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
|
3. Осы Кодекстің 463–1-бабының екінші бөлігінде және 463–5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің қозғалыста басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талаптарын орындамау,
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
|
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
|
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–3 (жаңа бап)
|
Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу
|
|
463–3 1б
|
1. Жол жүрісі ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен қозғалу -
|
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–3 2б
|
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігіне орналастыру, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытта қозғалуға арналған жағына шықпай, қарама-қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көліктік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не одан орын алу, —
|
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–3 3б
|
3. Егер жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған болса, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы қозғалуға арналған жағына шығу, —
|
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–3 4б
|
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
|
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–3 5б
|
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
|
алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
|
463–4 (жаңа бап)
|
Көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу
|
|
463–4 1б
|
1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші және 466-бабының бірінші бөліктерінде және осы баптың екінші — үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, —
|
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–4 2б
|
2. Тротуарда көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, —
|
алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463–4 3б
|
3. Басқа көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарының аялдау немесе оларды қою ережелерін бұзу, —
|
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463-4 4б
|
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
|
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
463-5 (жаңа бап)
|
Қозғалыста арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған көлік құралына басымдық бермеу
|
|