Жазық сүйел
#56
*!Дәрігердің қабылдауына 19 жасар жасөспірім келді. қол ұшында пайда болған бөртпелерге шағымданады. Уақыт өте келе олардың саны көбейді. Анамнезінен бөртпе бір жыл бұрын пайда болған. Науқас оларды кесіп алып тастаған, сірке суы эссенциясымен күйдірген бірақ олар қайта пайда болып, көлемі үлкейген. Тексергенде: қол ұшының терісінде және ауыз бұрышының оң жағында түсі сұрғылт және тері түстес, тығыз, ауру сезімінсіз, тері деңгейінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, беті кедір-бұдыр, диаметрі 0,2 - 1,0см түйіншектер. Ірі, терісінде ұзақ уақыт сақталған түйіншектердің бетінде мүйізденген емізікті өсінділер. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
++сүйел
#57
*!47 жасар ер адамның табанында жүргенде ауыратын бөртпе пайда болды. Объективті: оң аяғының табанында сарғыш түсті, диаметром 3х4 см, теріден көтеріңкі қабыну белгілері жоқ , мүйізді қабаттың қалыңдауы түріндегі түйіншек байқалады, борпылдақ ортасы тез үгітіліп гипертрофиялық емізікшелер ашылады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
+++табан сүйелі
#58
*!30 жасар ер адам жыныс мүшесінің басына шыққан, субъективті сезімі жоқ, бөртпеге шағымданады, Ауырғанына 3 ай болған. Бөртпенің көлемі үнемі ұлғайуда. Тексергенде: тәждік жүлге аймағында, жыныс мүшесінің басында көлемі 0,4 см түсі тері түсіндей, кейбір жерлері ақжемделу салдарынан ақшылдау, консистенциясы жұмсақ, жіңішке аяқшада орналасқан түйіншектер. Түйіншектердің беті түрлі-түсті капустаға ұқсас, бөліктерден тұрады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
++үшкір ұшты кандилома
#59
*!22 жасар бойжеткен қызыл еріннің жоғарғыі бөлігіндегі күйдіру сезімімен байқалатын, бөртпеге шағымданады. Бөртпе үшінші рет мазалап отыр. Рецидив аралығы 2-3 айды құрайды. Рецидив суықтану және суықтық аурулармен байланысты. Тексергенде: қызыл еріннің төменгі бөлігінд,е эритема фонында мөлдір сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер, жалқықты қабықтар. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Достарыңызбен бөлісу: |