Аккузова айнур абдыжалиловна


-ші тарау бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет107/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

 
3-ші тарау бойынша қорытынды 
Көркем мәтін – кейіпкер, автор мен оқырман, кейіпкер мен оқырман 
арасындағы байланыс арқылы қалыптасатын коммуникациядан құралады. Бұл 
байланыс үзілген жағдайда туынды 
көркем шығарма
деген қасиетінен 
айырылады. Кейіпкерді сөйлететін, оқырманды мәтін тануға шақыратын, 
доминант болып табылатын авторды жан-жақты зерттеу арқылы біз кейіпкер 
тілін, оқырман қабылдауын тануға мүмкіндік аламыз. Қайдай да бір көркем 
шығарманы оқығанда оқырман сол ел туралы, елдің салт-дәстүрі туралы, 
халықтың наным-сенімдері мен өзіне ғана тілдік бірліктері туралы ақпарат 
алуы керек. Ол ақпаратты кейіпкерлер тілінен, әңгімешінің баяндауынан алады. 
Біздің зерттеу жұмысымыздың дереккөзі – Д. Исабеков шығармалары. Таным – 
мәдениетпен қатар жүретін ұғым. Автор танымы – ұлттық таныммен тікелей 
байланысты. Көркем шығарма түзуде ұлт мәселесінің негізінде қалыптасатын 
ұлттық сана, ұлттық таным, ұлттық мәдениет
ұғымдарымен қатар 
қоғам, 
қоршаған орта туралы түсініктер
де негізге алынуы – шарттылық.
Шығарманың көркем, әрі сауатты жазылуына әсер ететін бірден-бір факт, 
ол – автордың тілдік тұлғасы. Шығарма мазмұн мен идеядан ғана құрылмайды, 
сол мазмұн мен идеяны оқырманға жеткізетін тілдік бірліктерден де тұрады. 
Автордың тілдік тұлғасын анықтауда зерттеушілер шығармадағы кейіпкерлер 
тілін негізге алады. Автордың кейіпкерді сөйлетуі, түрлі әрекеттер жасатуы 
арқылы өзінің ұлттық мәдениетінен хабар береді. Себебі кейіпкерді сөйлететін 
де, оқырманды мәтін тануға шақыратын да автор. Бүгінгі ғылымда бұл мәселені 
«автор – кейіпкер – оқырман»
үштағаны деп атайды. Кейіпкер тілі арқылы 
оқырман автордың ұлттық мәдениетін бағалай алады. Д.Исабековтің тілдік 
білімі негізінде көркем мәтін көркем болмақ, ал ұлттық таным мен мәдениеті 
арқылы терең мазмұнға ие болады. Көркем шығармадағы нақты 
коммуникативтік мақсатты көрсететін тілдік бірліктерді талдау арқылы 
жазушының шеберлігін, өзіндік стилін, өзгеден даралығын көруге болады. 
Жазушы Д.Исабеков шығармаларында жанрлық белгілерге байланысты ауызекі 
сөйлеу стилінің тілдік бірліктері (диалектілер, варваризмдер, дөрекі сөздер), 
тарихи сөздер, көріктеу амалдарының біршама түрлері (теңеу, эпитет, кейіптеу, 
метафора, метонимия, гипербола және т.б.) кездеседі. Қалай десек те, бұндай 
тілдік бірліктерді талдау қашанда жазушы танымы мен мәдениетіне қатысты 
жасалады, себебі ауыздан шыққан әрбір сөз оның иесінің тілдік және 
когнитивтік санасын, таным көкжиегін, мәдени деңгейін, ұлттық болмысын 
танытады.


134 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет