есітіп , жұмыс іздеген қазақтар осылай қарай ағылуда» [93]
. «Естіп» сөзі құрамына
тағы бір
«і» дыбысының қосылуы арқылы морфонологиялық өзгеріске ұшырап
тұр. Осылайша сөз ортасына дауыссыз дыбыс қосылып,
эпентеза құбылысы
болып тұр. Ал
«осы уаққа дейін екі ойлы болып кеп едік» деген сөйлемде
«уақыт» сөзі ымшамдалу әдісі бойынша
«уақ» деп қысқартылып берілген.
Көбіне оңтүстік өңіріндегі қазақтардың тілінде кездесетін -
сай, -сей жұрнағы да
әрі диалектілік өзгеріске ұшыраған жұрнақ, әрі морфологиялық құбылыстың
бір түрі. Д. Исабеков кейіпкер тілінде бұл форманы
«бар деген соң барсайшы » деп қолданған. Сонымен қатар морфонологиялық құбылыс белгілерінің бірі -
тілдік бірліктің бір дыбысы ұқсас бір дыбыспен алмасуы. Мысалы:
«Балуан! Шүйінші! Ей, Балуан, шүйінші деймін. Сендер не, жынданып кеткенсіңдер ме?» деген үзіндіде «сүйінші» сөзінің
«шүйінші» сөзімен алмастырып берген.
Бұл - тілдің морфонологиялық белгілерінің бірі.
Қазақ халқының өзінің тұрмыс-тіршілігіне, ділі мен тарихына қатысты
қалыптасқан этномәнді сөздер бар. Оны қазақи тәрбиемен сусындаған, қазақи
ауамен дем алған, қазақ топырағында өскен әрбір қазақ біледі. Сондай
бірліктердің бірі – байырғы қазақ өлшемдері. Мәселен, ертеректе халқымыз
ұзындықты саусақпен, қолмен, аяқпен өлшеген. Саусақпен өлшенетін ұзындық
(қалыңдық) өлшемдеріне
елі, тұтам, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, сере, қарыс, кере қарыстар жатса, қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдеріне
білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш сынды атаулар кіреді. Онымен қоса, аяққа
қатысты өлшемдер қатарына
табан, адым, аттам бірліктерін жатқызады.
Мысалы, Д.Исабековтің шығармасында мынадай үзінді бар:
«Жанайдаров жауап таба алмай секретарға қарады. Ол өзін қоршаған бөлім меңгерушілеріне телмірді. «
Тұғырға Әштеннің өзін қояйық» деп идея айтқан мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі көмекке келмегенде күн қараң еді. Ол кенет: – Бұл – суретшілердің көркемдік шешімі, – деді ол жоғарыға қарап тұрып. – Тері илеушінің қолына гипс не қаңылтыр ұстатып қою тапқырлық емес, одан да табиғи тері ұтымды болады. Бізде не көп тері көп. Комбинат қызметкерлері апта сайын теріні жаңартып отырады. Бұлай ету – көрермендерді өмір шындығына