Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет112/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

 
(«Кемпірлер» 
әңгімесі)
 
Сүйінші
– Қайнаға, сүйінші, сүйінші. Немерелі болдыңыз, ұл, ұл! 
– деп оның алдынан ентіге шықты. («Шалдар» әңгімесі) 
Сүйінші
Қатшайым, сүйіншіңе ана көгендегі бір тоқтыны ал, ол 
аз болса өзіңе тағы бір көйлек. («Шалдар» әңгімесі) 
Сүйінші сұрау
Оны біліп алғанда саған не түседі? Жасырды деп 
ашуланасың, Мәскеуден келгеніңде үйде кімнің 
болғанын айтып алдыңнан сүйінші сұрап шығуымыз 
керек пе еді?
 
(«Қарғын» романы) 
Сүндет
Терім жаман ба, әлде Рәт ақсақалдың ұстарасы 
дезинфекцияланбаған ба, сүндетім үш жетіде де 
жазылмай қойды. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу 
Қысқасын айтқанда, бір айдан кейін келіншек әкелетін 
боп отырған Бонапарт сүндетке отырғызылмаған боп 
шықты. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
Сөйтіп, ауылдағы «төтенше комиссияның» шешімі 


164 
отырғызу
бойынша Бонапарт сүндетке отырғызылатын болды. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі)
Сүндетке 
отырғызу
Алдыңгүні «үйленуге бір ай қалғанда сүндетке 
отырғызылып жатқан жындыға беретін қызымыз жоқ» 
деп олар әулетімен Сырдың ар жағына көшіп кетті. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
Мен, Бонапарт, әке-шешемнің салақтығынан үйленуге 
бір ай қалғанда сүндетке отырғызылып едім. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу 
«Бұл үйде 1989 жылы 8 июль мен 28 июль аралығында 
Бонапарт сүндетке отырғызылған». («Бонапарттың 
үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
– Ол екі баласын сүндетке отырғызу үшін Арыстағы 
хирургке алып кеткен, – деді физкультурашы Әбдеш. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
«Сүндетке отырғызу деген түбі тоқталады, босқа 
даурықпаңдар» деп мүлде қиямпұрыс әңгіме бастады. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Сыбаға
Көшіп барған жерде біреу бізге керт құйрықтан сыбаға 
дайындап отыр дейсің бе? («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Сыбаға
Келіндер-ау, Сырғакүл бүгін Арысқа кетіп қалған 
екен, сыбағасын алып қоя салыңдаршы, өкпелеп жүрер, 
– деді бетінің терін сүртіп. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Сыбаға
– Басқа біреу болғанда тиісті сыбағасын алатын еді, 
саған ғана жеңіл жаза қолданып отырмын, екінші есінде 
болсын, – деді ол темекісінің тұқылын қара қошқыл 
топыраққа көміп жатып. («Шойынқұлақ» әңгімесі) 
Сыбаға
Ол: "Сыбағамды ала кетермін",- деп айтып қала жаздады 
да, дер көзінде тоқтай қалды. («Қарғын» романы) 
Сыбаға
Қаратай да "сыбаға" деген сөзді енді қайтып аузына 
алмайтын болған.
 («Қарғын» романы)
Сыбағасын беру Мен саған бар ғой, мен саған казір сол сөзің үшін 
сыбағаңды беремін! («Қарғын» романы) 
Сыйға 
сый, 
сыраға бал 
«Сыйға сый, сыраға бал» дегендей, қыз төркіні де қарап 
қалмай үш шалға үш шапан жауып, тағы да толып 
жатқан сәлемдемелермен қонақтарын аттандырып салды 
Сырға салу
– Енді қайттік! – деп күрсінді анасы, – Той жасап 
аттандыру былай тұрсын, жұрт көзіне көрсетіп құлағыңа 


165 
сырға да сала алмайтын болдық-ау... («Мәңгілік қағида» 
әңгімесі) 
Тай шаптырым 
Бірақ, «ары отыр, бері отыр» үлкен жанжалға айналатын 
болған соң: «Құрысын, бәледен машайық қашыпты» 
деп, әкем тыныш басын шудан аулақ алып шығуға 
тырысып, ол орнынан күншығысқа қарай тай шаптырым 
ысырылып қоныстануға кеңес берді. («Қабылан» 
әңгімесі) 
Тәубә
– Әй, Қатира, тәубә деп сөйле, тәубә деп, – деді үй иесі 
Қалампыр. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Тәуіп
Енесінің келінін апармаған тәуібі, түнетпеген мазары 
жоқ. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Тәңір
"Ой, тәңір-ай, енді мынандай халге душар болдым ба!- 
деді қыз өзіне-өзі. («Қарғын» романы) 
Тоба
Енді қартайғанда, осым не менің осы? А? Тоба! 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Төр
Жаңа жекжаттардың алғашқы жүз көрісуінің көңілсіз 
сәттері артта қалып, бес-он минут өткен соң, қонақтар 
төрге салынған құрақ көрпеге жайғасып отырды. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Төрлет
– О-ау, ешкің арық! Төрлет, төрлет! Кештетіп қайдан 
жүрсің? Иә, үй-ішің аман ба? («Есепшот, түйетауық 
және домино» әңгімесі) 
Төрлету
– Ой, келгенің жақсы болды, төрлет! – деді ол оған 
жұмсақ орындық қойып. («Есепшот, түйетауық және 
домино» әңгімесі) 
Тұмар
Ертең ерте тұрып Серғазы молдаға тұмар жаздырып ал 
да, шымылдықтарының бір бұрышына тігіп қойшы, тіл-
көзден аулақ болсын. («Шалдар» әңгімесі) 
Тұсауы шешілу Қазан вокзалынан шыққан жүрдек поездың тұсауы 
шешіліп, төмен құлдилаған қырғидай көз ілеспес 
шапшаңдық алғанына бір сағаттай болды. («Огонек 
журналының 17-ші саны» әңгімесі) 
Уық көтеру
Уық көтеремін десең Бақанастың басқа маңайы жетпей 
жатыр ма, әлде, жатқан түйені арбаңның оқтығымен 
әдейі сүйкеп отырмысың?»–деп қарсыласқан болды. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Уық көтеру 
Ол болмас, іргеңді әрірек ысыр, бұл екі жылдан бері мен 
уық көтеріп келген жер» – деп жүгін біздің үйдің 


166 
жанына түсіре бастады. («Қабылан» әңгімесі) 
Ұзатылған 
қыздай
Ақыры олар Әштенді ұзатылған қыздай киіндіріп, екеуі 
екі жағынан сүйемелдеп үйден алып шыққанда «уһ» деп 
демдерін бір-ақ алды. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Шаңырақ
Міне, енді кенет ол ойының бәрінің іргесі қозғалып, 
шаңырағы ортасына түскелі тұр. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ
«Біздің қолға да қарға тышар, тұра тұр, Түркістандағы 
қызым төркіндеп келсін»... деп қайсыбірі алда тұрған 
қуанышын айтып, өзінің де қыз беріп, қыз алған 
шаңырақ екенін әзілдеп болса да байқатып өтеді. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ
Сондықтан Молдабай да қапысыз дайындалды. Сөйтіп 
жаңа көтерілген жас шаңырақ әкелер арасына осылайша 
әбігер де тастап кетті. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ
Тұрғат қыздың бұл мінезін бөтен үйдің шаңырағынан 
қысылып отырғанға жорып, оның кесесін өзі алды да, 
шай құйып отырған Мәликеге ұсынды. («Қарғын» 
романы) 
Шаңырақ
Үйде мүлгіген бейбіт тыныштық, шаңырақ астында бала 
қамы, семья қамы, оларға деген аналық қамқорлық 
салтанат құрған. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Барлық әйелге тән шаңырақ қызығы, бала қызығы, 
жайлы тұрмыс қызығы оны күн асқан сайын баурап ала 
берді. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Ол да институт бітірген, мына өмірдің толып жатқан 
қызығы мен қайшылығын ол да жақсы біледі, 
адамдардың бір-біріне жасайтын қиянаты оны да, 
өздерінің шаңырағынан да айналып өткен жоқ. 
(«Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Менің барлық сөзім мен ой-пікірім, қимыл-әрекетім
тіпті, сізді әйел-балам бола тұрып өз шаңырағыма ертіп 
әкелуім алдымен өзіңізге, сонан соң естіген жат құлаққа 
ерсі, түсініксіз боп көрінуі мүмкін. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Шаңырақ құрған күнді шаңырақ астында атап өткен 
дұрыс. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ асты 
У-шудың арасында жүріп, осындай қуаныш өз 
шаңырағының астында болуын армандады, бірақ 
артынып-тартынып келе қоятын ет жақын туыстарының 
жоқ екені есіне түскенде байқатпай бір күрсініп алатын. 


167 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ асты 
Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра алмайтын 
қазақ емес пе, біраз кемпір бір үйге жиналып, 
шөлдемесе де қоңыр әңгіме үшін күрең шайды жайлап 
тартып отырады. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ 
астында
Атам заманнан бері еркек пен әйел ерлі-зайыпты болып 
неке суын ішкен соң немесе неке қуәлігін алған соң олар 
бір үйдің, бір шаңырақтың астында тату өмір сүруге 
борышты боп келген. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ 
қызығы
Сол екеуі ғана жарасым тауып кетер шаңырақтың 
жылуына салқындық сеуіп тұрардай сезінді. («Қарғын» 
романы) 
Шаңырақтың 
иесі
Бертін келе, үйлі-баранды болған соң, жұртпен араласар 
кез туғанда шаңырақ иесінің қойдан жуас мінезі оны 
жалықтырып, бірте-бірте оның намысын оята бастады. 
(«Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Шаңырақтың 
шырқын бұзу
Шаңырақтарыңыздың шырқын осы бұзғаным да аздық 
етпес!
 
(«Қарғын» романы) 
Шаңырақ көтеру Және өздері үлкен үйдің бұрышынан кішкене бір жаңа 
шаңырақ көтеруі арқылы әкелер мен әкелердің жанына 
жаңа дүние орнатып, олардың арасында жарастықты, 
шынайы достықтың нәзік отын тұтандырып отырғанын 
да олар байқамады. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ 
көтерген 
Солардың ішінде бұл араға алғаш шаңырақ көтерген біз 
болып шықтық. («Қабылан» әңгімесі) 
Шаңырағының 
шырқы бұзылу
Егер Сәргелді бір амалын тауып тоқтатпаса, мұның түбі 
үлкен шуға айналарын, Бағиланың жүрегіне жазылмас 
жара түсерін, ең соңында, Жасынның да басы дауға 
қалып 
шаңырағының 
шырқы 
бұзыларын 
түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет