26
Тіл білімінің тарихында Прага лингвистикалық мектебінің пайда болуымен
тілді жұмсалымдық қасиеті тұрғысынан қарастыру бағыты, яғни тіл білімінде
бұрын болмаған ерекше жұмсалымдық бағыт қалыптаса бастады. Прага
үйірмесін 1926 жылы ағылшын тілін және жалпы тіл білімін зерттеуші
фонология және синтаксис салаларының белгілі маманы Вильем Матезиус
құрды. Үйірмеге көптеген елдердің атақты тілші мамандары мүше болды. Чех
тіл мамандары: Богумил Трика, Богуслав Гавранек, Йозеф Вахек, Владимир
Скаличка, Людовит Новак, Карел Горалек, Павел Трост, Ян Мукаржевский
және т.б. Орыс лингвистері Николай Сергеевич Трубецкой, Роман Осипович
Якобсон және Сергей Осипович Карцевский. Ол үйірменің жұмысына шетел
тілшілері де қатысты: Л. Блумфилд (АҚШ), К. Бюлер (Австрия), Л. Ельмслев
(Дания), А.Ф. де Гроот (Голландия), Г. Улашин (Польша), Д. Джоунз (Англия),
А. Мартине (Франция) және т.б. Әсіресе орыс тілшілері: Е.Д. Поливанов,
Г.О. Винокур, Б.В. Томашевский, Н.Н. Дурнов және т.б. үйірме жұмысына
барынша атсалысты. Прагалықтар тілдегі кез келген құбылысты жұмсалымдық
тұрғысынан қарастырды. Олардың айтуынша, тілдің дыбыстық, грамматикалық
құрылымының және сөздік құрамының өзгеруі тек қана олардың жұмсалымдық
қасиетінен келіп шығады.
Сонымен, қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жаңа бағыттар мен
парадигмалардың ғылымда кеңінен қолданылуына негіз болған В. фон
Гумбольдттің адам мен тіл қатынасын ажыратуға, тілдегі адам бейнесін әртүрлі
аспектіде зерттеуге мүмкіндік берген концепциясының одан ары жалғасуы,
антропоцентрлік бағыт арқылы әр ұлттың тарихын, мәдениеті мен танымын,
ділін зерттеуге негіз болуы, сайып келгенде, қазіргі таңда бұл бағыттың тіл
білімі үшін жаңа белес болғанын көрсетеді.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдауда басты назар аударылатын жайт –
көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге
қатысын анықтау. Бұл орайда Д.Исабеков шығармаларында пайдаланылған
тілдік элементтердің мағына-мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып айқындау
жалпы ұлттық тілдің табиғатын тануға өзіндік септігін тигізетіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: