60
прагматикалық амал деп түсінуге болады. Келтірілген мысалдан көріп
отырғанымыздай, баяншының тіліндегі прагматикалық тілдік бірліктер ретінде
етістік тұлғалардың (жедел өткен шақтағы) қолданысы автордың (баяншының)
мақсатынан туындап, оқырманға баяндау мақсатын жеткізуге коммуникативтік
қызмет етіп отыр. Жалпы функционалдық стильдердің қай-қайсысында
болмасын етістіктер маңызды коммуникативтік рөлге ие доминант сөз табы
болып табылады. Етістік категориясы кез келген стильдің стильдік жаны десек
те болады. Бұл аталған сөздер тобының өзге сөз таптарына қарағанда қимыл-
әрекетті білдірудегі мағыналық реңктерінің сан алуандығымен, әр түрлі
грамматикалық формалармен түрленгіштігімен, сөйлемде өзге сөздермен
тіркесу мүмкіндігінің молдығымен, сонымен қатар ешқандай синтаксистік
қатынасқа түспей жеке тұрып-ақ эмоционалды-экспрессивті мәнге ие болу
қасиетімен байланысты болса керек. Сөз таптарының прагмастилистикасын
зерттеген профессор Д. Әлкебаева функционалдық стильдерде етістіктің бірдей
рөл атқара алмайтынын, ресми мәтіндерде етістіктің қолданылу сипаты
шектеулі, ал көркем әдебиетте оның үш есеге өсіп отыратынын айтады: «...Жақ,
шақ, рай, етіс категориялары арқылы өмір құбылыстарына қатысты
қозғалыстың сан алуан әрекетін сөз таптарының ішінде етістік қана бере
алады» [102, 163 б.].
Көркем туындының бір кейіпкері оқиғаны оқырманға тартымды әрі әсерлі
суреттейтін болса, онда әңгімеші болғаны. Д. Исабековтің «Ағайындылар»
әңгімесінің әңгімеленуі соған дәлел:
«Ойыма сонау Жамалмен қосылған кезім
орала кетті. Той-думан тарқап, кісі аяғы басылған соң, біз үйреншікті
жұмысымызға кірістік те, ағамның үй-ішімен тату-тәтті өміріміз жалғаса
берді. Арада санаулы күн өткен соң-ақ, Жамал олармен кәдімгідей үйренісіп
кетті. Бұрын ағамның балаларымен алысып-жұлысып, күлдіріп, жылатып
дегендей у-ду өмірге үйреніп қалғаным ба, қарсы бөлмеде балалардың шуын
естіп, бөлек үйде жым-жырт жата алмадым»
[93, 205 б.]. Бұл арада оқиғаны
оқырманға әңгімелеп отырған – Нұржанның інісі Камал. Яғни автор кейіпкер
тілі арқылы сөйлеп тұр. Автордың баяншы я болмаса әңгімеші болуын зерттеу
нысанына айналдырған нарратология саласы бұлардың қатарына
нарратор
терминін қосқан. «
Нарратор
көркем туындыда тарихты мазмұндау, оқиғаны
баяндау қызметтері бөлінген тұлға» [101].
Оқырманға тартымды туынды сыйлап, кейіпкерлерге жан бітіретін автор
болғандықтан, көркем туындыны зерттеу қашанда жазушының тілін зерттеумен
тікелей байланысты екеніне жоғарыда назар аудардық. Себебі әр жазушы өзінің
сөз қолданысы, сөз әрлеуі, бір сөзбен айтқанда, стилі арқылы ерекшеленеді.
Жалпы с
тиль дегеніміз (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) –
Достарыңызбен бөлісу: