Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

дүрмегінен
 
көз жазып қалған соң бір қырғидан жан сауғалаған бейшара торғай секілді 
көзі қарауытып кеп бірінші кездескен диуананы паналай кетіп еді 

Сүйекші
»).
Автор осы сияқты көнерген сөздерді образ жасауда, көріктеу құралдарына 
айналдыруда шеберлікпен жұмсай білген. Баршаға ортақ, қалың жұртшылыққа 
түсінікті бейтарап сөздерден бөлек, диалектизмдер, көнерген сөздер – көркем 
әдебиет тілінің негізгі сипаты, дегенмен оларды шектен тыс асыра пайдалану 
шығарманың әрін кетіретіні рас. Ал оларды қажетті жерінде кәдеге жарата білу, 
керісінше, мәтіннің бейнелілік қасиетін арттырып, оқырманды қызықтыра 
түсері сөзсіз. Д. Исабеков көне сөздерді өте жиі қолданбайды, оларды мақсатты 
түрде, өз стиліне сай ара-тұра кірістіріп отыратынын байқаймыз.
Ал көркем шығарманың көркемдігін арттырып, автордың асқан шеберлігін 
танытатын, ерекше стилін көрсететін – тілдің көркемдеуіш құралдары. Тілдің 
көркемдеуіш құралдары көбіне көркем әдебиет стилінде қолданылады. Тілдегі 
көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың 
түрлері кіреді. Солардың ішінде белсенді қолданысқа ие болғаны – теңеу мен 
айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм, 
риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу, 
пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, 
перифраздар құбылту қатарына жатады. Осымен байланысты Д. Исабековтің 
шығармаларымен таныса келе, автордың теңеуді көп қолданғанын көруге 
болады. Автор заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не 
құбылыспен салыстыра суреттеген. Д. Исабеков шығармаларында «жүнін 
жұлған құстың 
денесіндей
», «бүршік-бүршік бетіне үсіген 
картоптай
емін-
еркін мұрын жайласыпты», «әжесінің асқар 
таудай
тілегі – 
жұдырықтай
немересі», «көзі 
шыныдай
жылт-жылт», «
қабыландай
қайратты, қабыландай 
айбатты болсын», «
көсеудей
қолын көстеңдетіп», «жайынның 
ауызындай
жайылып жатыр», «тойған 
масадай
торсиып кеткен», «қақпағы жабық 
қазандай
жарылғалы келемін», «екі көзі 
шырадай 
жайнап тұр», «
сәбидей
аңқау, 
сәбидей
таза», «сұлулықтан алдына жан салмайтын кербез 
актрисадай
», «нағыз 
бақытқа кенелген 
адамша»
, «суға сүңгитін 
адамша»
, «
сырықтай
жігіт», 
«
күректей
алақан», «жүрегі 
таудай
тулап», «
көжектей 
жас жігіт», «құлаған 
түйедей
», «
тілдей
қағаз», «қатқан 
қайыстай
», «басынан аяғына дейін 
шыттай
шетелдік киім», «адасқан 
жолаушыдай
», «
шибарқыттай
әжім», «
кірпідей


69 
жиырылатын болды», «күйген 
қыштай
», «
тайдай
тулап», «жабылған 
зындандай
», «
Бонапарттай
болса» және т.б. теңеулер кездеседі.
Теңеу
қазақ көркем сөз тарихында ертеден келе жатқан бейнелеуіш 
тәсілдердің 
бірі 
болып 
есептеледі. 
Сол 
себепті 
жазушылардың 
шығармаларында бұл тәсіл әбден қалыптасып үлгерген. Жоғарыда аталған 
теңеулер тіркесіп тұрған сөздерді одан әрі ажарландыра түседі. Осыған орай,
Д. Исабеков теңеулерді қолдана отырып, оқырманға сол ортаны, адамдарды, 
өмірді, тіршілікті елестетуге, сезінуге мүмкіндік береді.
Теңеумен қатар жүретін заттың не құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын 
бейнелі түрде танытатын стилистикалық ұғым – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет