67
талғамсыз жұмсауы емес, керісінше оның сауаттылығы мен талғампаздығының,
әр кейіпкерді жіті бақылауында ұстай білетіндігінің көрінісі. Көркемдік
мақсатқа орай алынған мұндай бөгде стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір,
қандай
ортада өтіп жатқандығын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер
тіліне әлеуметтік-типологиялық мінездеме береді [33, 60 б.]. Дегенмен, көркем
шығармада бөгде тілдік сөздерді қолдану уәжі әрқашан бірізді бола бермейді.
Алдыңғы мысалда автор қазақ азаматтарын орысша сөйлету арқылы олардың
жеке ерекшеліктерінен ақпарат берсе, «Ескерткіш»
әңгімесінен алынған мына
мысалда ағылшын сөзі таза коммуникациялық функцияда жұмсалған:
«Олар комбинат алдына келгенде өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалды.
Бәрі тұр, тіпті, тұғыр да орнында, тек ескерткіш жоқ! Аудармашы мен
шетелдік бір-біріне қарады. Сонан соң көздерін уқалап тұғыр үстіне қайта
үңілді.
Достарыңызбен бөлісу: