Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет75/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

аялық білім
идеясын дамыта отырып, оны адам 
танымына қатысты қолданған алғашқы ғалым Г.Д. Томахин болатын. Ол аялық 
білімді өзінің лингвоелтанымдық аспектідегі зертеу жұмыстарында кеңінен 
талдап, бұл ұғымды белгілі бір этнос өкілінің сол халыққа тән географиялық, 
тарихи, этнографиялық, бір сөзбен айтқанда, өлкетанымдық мәліметтерді білуі 
деп түсіндірді. Бірақ ғалымның бұл тұжырымы аялық білімнің мәнін толық 
ашып бере алмайды. Өйткені кез келген тарихи-географиялық білім өзге ұлт 
өкілі үшін де қолжетімді бола алады [137]. 
Ұлттың өткен тарихы, мәдениеті, дүниетанымы туралы білім қорын 
танудың бірден-бір жолы сөз екені белгілі. Сондықтан «аялық білім» таза 
лингвистикалық зерттеулерде де жиі көрініс таба бастады. Кейінгі зерттеулерде 
бұл ұғымның аясы кеңейіп, оған берілген анықтамалар саны да артты. Мысалы, 
О.С. Ахманова аялық білімге мынадай анықтама береді: «аялық білім – тілдік 
қарым-қатынастың негізі болып табылатын сөйлеуші мен тыңдаушы 
реалийлерін екі жақты білу» [5]. Қорыта айтқанда, 
аялық білім дегеніміз
– бұл 
қарым-қатынас кезінде толық көріне бермейтін, ұлттың мәдениетімен, 
тарихымен, салт-дәстүрімен байланысты экстралингвистикалық ақпараттар 
жиынтығы. Лингвомәдениеттанушы ғалым Ә. Әлметова аялық білімді былай 
түсіндіреді: «Мысалы, орыстар 
«Отан»
ұғымын 
Волга өзенімен (Волга-
матушка), орыстың табиғатымен (русска зима, белая береза), орыстың жан 
дүниесімен (русская душа), т.б. 
осындай жағдайлармен байланыстырады. Ал 


107 
қазақтар үшін 
«Отан»
қазақтың ұлан-байтақ сары даласы, кең де мол 
дастарқаны (еті, қазы-қарта, қымызы, қою күрең шайы), дархан көңілі, 
мамыражай тірлігі. Біздің байқауымызша, жалпыадамзаттық білімдегі 
халықтық рең мазмұнынан аймақтық және елтанушылық маңызы бар білімдегі 
ұлттық бояу көрінеді» [115, 178 б.]. 
Д. Исабековтің аялық білімі оның шығармаларында осындай ұлттық бояуы 
қанық, астарлы, символдық мағынадағы тілдік бірліктерді қолдана білуінен 
көрінеді. Жазушы шығармаларымен танысу барысында мәтінде автордың 
әртүрлі бейнеде жасалғанын көруге болады. Бір шығармада автор кейіпкер 
кейпінде болса, енді біреулерінде автор әңгімелеуші ретінде көрінген. Ол 
автордың автор бейнесін танытуға шеберлігі мен ыңғайына қарай жұмсалған. 
Көркем мәтінде автордың әртүрлі ракурста көрінуі жөнінде орыс ғалымы 
И.А. Широкова 
«Образ автора в художествонном произведении: отражение 
отражаемого»
[138, 103 б.] атты ғылыми мақаласында жан-жақты 
қарастырған. Ғалым автордың оқиғаны І жақта суреттеуін үшке бөліп 
көрсеткен: «
автор – баяншы; кейіпкер – баяншы; кейіпкер образында 
жұмсалмайтын баяншы.
Яғни 
автор – баяншы
кейіпкерлермен диалогке түсіп, 
оқиғаға деген өз көзқарасын білдіре алады. Ал 
кейіпкер – баяншы
оқиға ішінде 
болады. Үшіншісі, кейіпкер образында жұмсалмайтын баяншы басқа 
кейіпкерлерді ғана емес, оқиғаны да, тіпті өзін де әртүрлі сипаттай алады.
Мысалы, Д. Исабековтің «Кемпірлер» атты әңгімесінде автор баяншының 
көмегіне жүгініп, оқиғаны баяндауды соған ұсынады. 
«Құлағы салпиған қара 
күшік түнемеге там айналып шәуілдеп үріп шығады. Әліне қарамай ол да осы 
үйді қориды, оған да осы үй қымбат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет