Аккузова айнур абдыжалиловна


қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ



Pdf көрінісі
бет78/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ 
түйенің қарны ақтарылып 
жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп 
жатқан да жоқ қой 
жүдә
. Енді не жетпейді бұларға? «Осылар жесін, осылар 
кисін» деп 
жар құлағың жастыққа тимей
, жарасымды өмірлеріне жаның 
сүйсініп, «е, құдай, балаларымды бақытты қыла гөр, өмір жастарын ұзақ 
қыла гөр» деп жүргенде, бұл ақымақтардың 
сүттей ұйыған
тұрмыстары 
нілдей бұзылып
, қақыратып кетті-ау қабырғаны! Ақымақтар-ай, тентектер-
ай түге! Қарекең ұзақ түнге кірпік ілмей, жиі-жиі күрсінумен болды. Түн 
ортасы әлдеқашан ауып қалған. Жанындағы кемпірі де көпке дейін көз 
жұмбай, өзімен бірге күрсініп, аһ ұрып жатыр еді, енді маужырап ұйықтап 
кетіпті. «Қайтсін, шаршаған шығар 
байғұс
. Таңның атысынан күннің батысы 
қыбыр-қыбыр бір тыным көрмейді, 

деді Қарекең кемпіріне аяушылықпен 


109 
қарап қойып. 

Оның үстіне, мына уақиға да оған оңай тиіп жүр деймісің. 
Осының бәрін көре-біле тұрып, кейде оған орынды-орынсыз қожыраңдаймын 
кеп-кеп. Енді қартайғанда, осым не менің осы? А? 
Тоба!
» 
[93, 22 б.]. Бұл 
мәтіннен жазушы автор бейнесін ашуда көптеген амал-тәсілдерді қолданғанын 
көруге болады. Мысалы, баяншы тілін әрі көркем, әрі қарапайым тілдік 
бірліктермен жеткізген. Қарапайым сөздерді қолдану арқылы оқиғаның ауылда, 
қарапайым халық арасында өтетіндігін таныту мақсатында қолданған. Ал 
көркем болуы тілдің түрлі көркемдеуіш құралдарын қолдануына байланысты. 
Жазушы 
«сүттей ұйыған», «нілдей бұзылған»
сынды теңеулерді қолдана 
отырып, кейіпкер кейпіндегі автор бейнесін одан әрі әрлендіре түскен. Оған 
қоса, теңеулер сөзді көркемдеуімен қатар, автордың танымынан да хабар 
береді. Академик Р. Сыздықтың «Теңеу – таным нәтижесі. Сондықтан 
теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады» [60] деген сөздері 
соған дәлел болмақ. Теңеуді қолдану арқылы жазушы ұлттық дүниетанымының 
кеңдігін көрсетеді. Бұл мәтіннен тыс осы әңгімеде 
жас баладай, түйеден 
түскендей, құстай қомданып, сүттей жарық
сынды теңеулерді көруге 
болады. Жазушы теңеуді қолдана отырып, өзінің белгілі обьектіге немесе 
субьектіге қатысты көзқарасын білдіреді. Қазақта сүтке қатысты 
ананың ақ 
сүті, аузынан сүті кетпеген
деген тіркестер қолданылады. Сүт ақтың, 
адалдықтың белгісі іспеттес. Осы бір түсінікті жазушы да ескере отырып, автор 
мен кейіпкер бейнесін ашуда қолданған. Сонымен қатар автордың бұл 
шығармасы сәтті эпитеттерге де толы екендігін айта кету керек. Атап айтсақ, 
ақ 
шыным, ақ ниет, ақ көңіл, дәмді әңгіме, қоңыр үн.
Осылардың ішіндегі ерекше 
көңілге қонғаны – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет