алтын адам ғой шіркін, жүрегі кең-ақ, қашанда күлімсіреп тұрғаны» [93, 206 б.]. Қазақ дәстүрінде бірге туған
бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына
жеңге болады. Жеңге
мен қайын сіңлі, қайын іні арасындағы өзара сыйластық қазақи салт-дәстүрді,
отбасылық, туыстық ынтымақты, сыйластықты құрметтей білуге тәрбиелейді.
Жеңгелер қайын іні мен сіңлілерін еркелетіп,
сері жігіт, төрем, мырза жігіт, ерке қыз, сырғалым деген сияқты жарасымды аттар қойып құрметін көрсетеді.
Бұл дәстүрді қазақта
ат тергеу деп атайды.
Ат тергеу – байырғы қазақ
тұрмысында әйелдердің қайын жұртының адамдары мен дүниеден озып кеткен
ата-бабаларының есімдерін тура атамай, тұспалдап атау дәстүрі [118, 322 б.].
Өзге ұлттан ерекшелейтін бұл дәстүрдің нышандары Д. Исабеков
шығармаларынан да орын алған. «Тіршілік» повесінде де бас кейіпкері
Қыжымкүл ақ жаулықты әжеге айналса да, әлі күнге ата салттан айнымай,
қайныларының атын тура атамайды.
«Көсегең... көсегең көгергір Сендібай қайным (Теңдібай деп тура атауға жеіңгелік жолы көтермейді)». Автор
кейіпкерге осындай қасиеттерді телу арқылы тек Қыжымкүлдің ғана емес,
барша қазақ әйелінің бейнесін ашады. Оны жоғарыдағы мысалдардан да көруге
болады. Оған қоса, баяншы образындағы Нұржан атты кейіпкердің Шолпан
жеңгесін «
алтын адам» деп сипаттауы арқылы халқымыздың жеңгеге деген
құрметін, сыйластығын көруге болады. Жалпы ұлтты ұлттық сипатынан
айырмай, сақтап тұратын салт-дәстүр десек, жазушы осы дәстүрімізді
бейнелейтін тілдік бірліктерді насихаттау мақсатында және шығарма мазмұнын
ашу үшін қолданған.
Жоғарыда автордың мәтінінің арғы тұратын, мәтіннің жазылуына себепші
болатын аялық білім туралы айтылды. Осыған орай жазушының «Қабылан»
әңгімесінде автордың аялық білімін танытатын мына мәтінге назар аударуға
болады:
«