Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет97/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Қол соғу, қол шапалақтау. 
Сондай кездесулердің бірінде Алматыдан 
келген бір жазушы мінбеге шығып алып: «Біз еңбек адамдарын құрметтеуді 
ұмытып барамыз. Бір қарапайым жұмысшыға тағзым етуіміз керек. Осы 
комбинаттың ірге тасын қалаған кім? Алғашқы шеберхананың иесі кім? Сол 
алғашқы тері илеушіні тауып алып, оған комбинат алдында ескерткіш қою 
керек. Бұл қарапайым еңбек адамына деген шынайы құрмет болады» деген. 
Жұрт ду қол соқты. Шапалақ
ұзаққа созылды; «...Толып жатқан құрметті 
мамандық иелеріне «кеудеден жоғары бюстер мен кеудеден төменгі жағы да 
қамтылған толық қанды бейнелер» жасауды жалғастыра беретінін айтқанда 
ағылшындар жағы 
ду қол шапалақтап
, аупартком жағы үнсіз қалды» 
(«Ескерткіш»).
 
Әр түрлі көріністер мен қойылымдарда, сондай-ақ спорттық 
жарыстарда, марапаттау рәсімдерінде және сөз сөйлеулерде көрермендер қос 
қолын бір-біріне ұрып шапалақтау арқылы сахнада не мінберде тұрған адамға 
деген ыстық ықыласын, ризашылығын білдіреді. Бұл кинема да барлық 
халықтар мәдениетіне ортақ әмбебап қимыл. Кейбір елдерде қол шапалақтау 
аяқтың қысылуымен қатар жүреді. Этикет бойынша қол шапалақтау сөз (өнер 
көрсету) аяқталғаннан кейін орындалады.
Бас изеу. 
Аға лейтенант та күлімсіреп, 
басын изеді 
(«Ескерткіш»).
 
Сәргел 
есіттім, «ризамын» дегендей жымиып 
басын изеді
(«Қарғын»)
.
Адамның түрлі 
ниетін, ойын жеткізу барысында өнімді қолданылатын бас изеу кинемасы көп 
мағыналы қимыл болып табылады. Ол сәлемдесуде, ризашылық білдіруде
мақұлдау мен құптауда, келісім беруде, қоштасуда және басқа да жағдайларда 
сөйлеу әрекетіне қосымша рең беріп, кейде сол мағынадағы сөздерді 
алмастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет