Қалқанша безі — ағзадағы кішкентай органдардың бірі болғанымен, одан шығатын гормондар ағзадағы барлық зат алмасу процестерін реттеп отырады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, сыртқы көрінісі қанатын жайған көбелекке ұқсайды . Ал салмағы 30-40г әйелдерде бездің салмағы ерлерге карағанда быраз көп. Қалқанша безі екі түрлі гормон бөліп шығарады. Оның бірі — трийодтиронин (Т3), екіншісі — тироксин (Т4) деп аталады. Ағзаға аса қажетті йод микроэлементі осы гормондарда болады. Жалпы адам қанында 95% тироксин мен мен 5% трийодтиронин гормондары жүреді. Қалқанша безінің басқа бездерден айырмашылығы — ол өз гормондарын жинап, қорын түзе алады.