Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
I . Асқыну: инфильтрат (қатаю) Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінің қатаюы, ауырсынуы.
Асқынудың себептері:
егу жасау техникасын сақтамағанда, (бұлшық етке қысқа инемен егуді жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда);
май ерітінділерді жылытпай енгізгенде;
бір жерге инъекцияларды көп жасағанда.
Асқынудың алдын-алу: асқынуды туғызатын себептерді жою.
Асқынуды емдеу: қыздыру компресі, инфильтрат болған жеріне жылытқышты қою.
ЕСКЕРТУ: инфекция қосылған жағдайда (асептика ережелерін бұзғанда) инфильтрат іріңдеп, абсцесс болуы мүмкін.