Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Назар аударыңыз! Ерітіндінің қолдану мерзімін, сыртқы түрін, дәрігердің тағайындауымен мұқият тексеріңіз.
Дез.ерітіндіде малынып тұрған пинцет немесе қайшымен флаконның металл қақпағының ортасын алып тастаңыз.
Флаконның резеңке тығынын спиртке батырылған мақтамен екі рет өңдеңіз.
Жүйенің қысқышын жабыңыз. Ауа өткізгіш инесінің қақпағын шешіп, инені түгелімен флаконның тығынына кіргізіңіз.
Флаконды аударып, штативке орналастырыңыз.
Ұзын түтікшені көлденең ұстап, жүйенің басындағы инені қақпағымен бірге шешіңіз де залалсыздандырылған лотокқа салып қойыңыз (бұл ине науқастың тамырына енгізетін ине)
2-3 рет тамызғышты қысу арқылы тамызғышты жарты көлеміне дейін ерітіндіге толтырыңыз.