VII.Асқыну: жүйке сабының заңымдануы Асқынудың белгілері: әр түрлі зақымданудың ауырлығына байланысты: жүйкенің қабынуынан салдануына дейін.
Асқынудың себептері: егу жасайтын жерін дұрыс анықтамай инемен механикалық түрде зақымдау. Жүйке сабының қасында дәрілік депосы құралған жағдайда химиялық зақымдану.
Асқынудың алдын-алу: әр түрлі егулерді жасау жерлерін дұрыс анықтау.
Асқынуды емдеу: дәрігердің, нұсқауымен.
VIIІ.Асқыну: тромбофлебит (тромб пайда болуымен тамырдың қабынуы).
Асқынудың белгілері: тамырдың жүрісімен ауырсыну,қан кернеу (гиперемия), инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуі мүмкін.
Асқынудын, себептері: көк тамырдың бір жеріне жиі егу жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда.
Асқынудың алдын-алу: көк тамырларға кезектеп егу жасау және өткір инелерді қолдану.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.