Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
IX.Асқыну: некроз (ұлпалардың өлі еттенуі) Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінде ауырсынудың көтерілуі, ісіну, қан кернеу (гиперемия), гиперемиямен бірге цианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу, жаралар пайда болу.
Асқынудың себептері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10% кальций хлоридін)
Асқынудың алдын-алу: егулерді енгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10% кальций хлориді ерітіндісін - тек қана көк тамырдың ішіне).
Асқынуды емдеу:
егуді тоқтату;
жіберген ерітіндіні шприцке қайтадан барынша сорып алу;
егу жасаған жеріне 0,5% новокаин ерітіндісін енгізуге болады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;
егу жасаған жеріне мұзды мұйықты қою,
Ескерту: 10 % кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде резеңке бұрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсерімен қауіпті.