Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Пункция жасаудағы мейіркешің рөлі:
1. Пункция алдында мейірбике:
- керекті жабдықтарды дайындайды
- құралдарды залаалсыздандырады
- емделушіге дайындық жүргізеді
- пункция жасалатын жерге емделушіні жеткізеді.
2. Емделушіні керекті жайға келтіреді.
3. Пункция орнына өңдеу жасауы мүмкін.
4. Пункция жасау уақытында дәрігерге көмектеседі:
- керекті құралдарды әперіп тұрады
- резеңке түтікке әлсін-әлсін қысқыш салып тұрады
- емделушінің ішін орамалмен танып тастайды.
5. Пункция жасау барысында емделушінің жағдайын қадағалап отырады.
6. Пункцияның соңында пункция жасалған орынға өңдеу жасайды, асептикалық таңғышты бекітеді.
7. Пункцияны жасап болған соң, зембілге жатқан бойында емделушіні палатаға жеткізеді де ішіне сұйық (мұз) қояды және әлсін-әлсін қал-жағдайын қадағалап отырады. Емделушіге қатаң төсекте жату тәртібін қадағалайды.
8. Пробиркаларды ішіндегімен зертханаға жеткізеді.
9. Құралдарға залалсыздандыру алдындағы тазарту жүргізеді.