Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Емделушіні әзірлеу: Емделушімен алдын-ала психологиялық дайындық жүргізеді.
Пункция жасаған кездегі емделушінің жағдайы: емделушінің аяғын ішіне тартқызып,басын еңкейтіп,денесіне барынша қысып(омыртқалары қатты бүгілгенше бір жағына жастықсыз жатқызады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Пункция жасайтын жерді екі рет 96% спиртпен (немесе құрамында йоды бар антисептикпен және спиртпен )өңдеу жасайды.Пункцияны 3-4 немесе 4-5 бел омыртқа аралықтарында жасалынады.Мықын сүйектері қырының жоғары нүктелерін йодпен сызық жүргізіп қосып пункция орнын табуға болады.Бұл сызық омыртқаны 3-4 бел омытқаның қылқанды өскін орнын кесіп өтеді.
2. Пункция жасайтын орынға 0,25-0,5% новокаинмен анестезия жасайды.
3. Пункцияны Бир инесімен жасайды.Жұлын миды(қатты қабығы және мидың тер қабығы)тескен соң,бұл ине жеңіл түсіп кеткендей болыпсезіледі,мандренді алып шығады.
4. Аға бастаған жұлын мен сұйықтығын залалсызданған пробиркаға зерттеу үшін жинайды(7-10).Бірінші тамшыларын жинап алмайды.
5. Бас сүйек ішіндегі қысымды өлшейді,инеге манометрді жалғайды (ұзындығы 300-600мм трубканы пайдалануға болады,оны резеңке трубка көмегімен пункция жасайтын инеге жалғайды). Ликвордың пункциялық иненің бойымен ең жоғары деңгейге мм бойынша көтерілгені-бас сүйек ішіндегі қысымды көрсетеді.Бас сүйек қысымы деңгейі су бағанасы бойынша 150-180 мм.
6. Инені алған соң,пункция жасаған орынды құрамында дәке шарикпен немесе салфеткамен жауып,жабыстырғыш жапсырады.
Науқасты екпетінен жатқызып, каталкамен палатаға тасымалдаңыз.
2 сағат уақытқа науқасты жастықсыз, кереуетке екпетінен жатқызыңыз.
Тәулік бойы науқастың жағдайын қадағалаңыз.
Қолғаптарыңызды шешіңіз.
Қолданылған шприцтер, мақта шариктері, қолғаптарды ҚКЖҚ салыңыз, медициналық бұйымдарды дез.ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.