Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Жел шығарғыш түтікшені қолдану Мақсаты: Ішектегі жиналған газды шығару
Көрсетім:Метеоризм
Қарсы көрсетім: 1.Тік ішектің тілінуі
2.Тоқ ішек пен тік ішектегі жіті жаралы-қабыну процестері
3.Тік ішектің қатерлі ісіктері
Жабдықтау: диаметрі 15 мм, сыртқы ұшы сәл кеңдеу ұзындығы 40-50см резеңке түтік, вазелин, дәретсауыт, клеенка, қысқыш, 2-қолғап, жаялық, ширма.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасты сол жақ қырымен аяғын ішке қарай бүгіп жатқызыңыз. ( немесе арқасымен жатқызу керек)
2.Қолғап пен халат киіңіз (емшара алдында халатты ауыстыру керек)
3.Науқастың жамбасының астына клеенка жайып оның үстіне жаялық төсеңіз.
4.Науқастың жанындағы орындықтың үстіне несепсауытты қойып оның 1/3 бөлігін сумен толтырыңыз.
5.Түтіктің дөңгеленген ұш жағының 20-30 см көлемін вазелинмен майлаңыз.
6. Түтікті орта тұсынан қалам тәрізді ұстап, бос ұшын 4-ші және 5-ші саусағынызбен қысып ұстаңыз.
7.Сол қолыңыздың 1-ші 2-ші саусағымен құйрықты ашып, оң қолмен жел шығарғыш түтікшені 20-30см тереңдікке енгізіңіз.