Тік ішекке енгізу тереңдігі: 30-40см.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасты , клеенкамен жабылған кушеткаға сол жақ қырымен аяғын ішке қарай бүгіп жатқызыңыз.
2.Зондтың ұшын 30-40см қөлемінде вазелинмен майлаңыз.
Науқастың тік ішегіне зондтың ұшын 30-40 см тереңдікте ішекке енгізіңіз.
Оймышты жалғаңыз.
Оймышты еңкейтіп, ішекке ауа кетпейтіндей етіп ұстаңыз.
Оймышқа су құйыңыз (1литр)
Назар аударыңыз: Су құярда оймыш ішек деңгейінен төмен болуы керек. Су толтырылған оймыш ішек деңгейінен жоғары болуы керек.
Оймыштың түбінде су қалатындай етіп, оймышты жоғары көтеріңіз.
Кейін оймышты ішек деңгейінен төмен түсіріп, оны шайынды суымен толғанша ұстау керек (оймышты тік және еңкейтпей ұстау қажет!)
Шайынды суды оймыштан шелекке құйыңыз.
Шайынды су тазарғанға дейін 5-ші,6-шы,7-ші,8-ші,9-шы іс-әрекетті қайталаңыз.
Шайынды судың соңғысын төгіп, еппен зондты алып тастаңыз.