Стерналды пункция өткізу үшін науқасты және медициналық бұйымдарды дайындау Мақсаты: қан жүйесінің әртүрлі ауруларын анықтау немесе дәлелдеу үшін диагностикалық мақсатта. Микроскопиялық зерттеу үшін төсті тесіп сүйек ішіндегі мида алады да,бұл қан жүйесіндегі әр түрлі ауруларды тануға мүмкіндік береді.Сепсиске қүдікті болған кезде сүйек миына пробиркаға керекті ортада себу жасау арқылы бактериалдық зерттеу жасайды.
Көрсетім: қан жүйесінің аурулары
Қарсы көрсетім: миокард инфаркті, бронхиальды астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения.
Жабдықтау: залалсыздандырылған: лоток, 10-20 мл шприцтер, пункцияға арналған Кассирский инесі, 8-10 шт заттық шынылар, мақта шариктері, марлі салфеткалары, корнцанг, пинцет, қолғаптар, 70% спирт, 5% йодтың спирттегі ерітіндісі, лейкопластырь, залалсыздандырылған таңу материалдары, ҚКЖҚ.