Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет136/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Науқасты әзірлеу:
1. Емделушіні психологиялық әзірлеу
2. Ер адамдардың пункция жасайтын аймағын қажеттілігіне орай, дәл манипуляция алдында қырады.
Емделушінің қалпы: жастықсыз арқасына жатқызады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Пункция жасайтын жерге екі рет 70 % спиртпен өңдеу жасайды(немесе құрамында йоды бар антисептикпен және спиртпен),залалсыздандырылған таңу материалмен (салфеткамен немнсе жаялықпен)шектейді. Пункцияны жайшылықта төс сүйек аймағында орта жолақта III-IV қабырға тұсында жасайды.
2. Пункция орнына 1-2% новокаинмен анестезия жасайды.(Анестезия үшін хлорэтил пайдалуға болады.
3. Теріні,тері асты жасушаны және сыртқы төс пластинасын Кассирский инесімен теседі.
4.Мандренді шығарады,құрғақ заласызданған шприцті отырғызады да,0,5-1 мл-ден көп емес сүйек миын сорады.
5.Инені шприцтен айырмай,алып шығады,ал пункция орнын құрамында йоды бар антисептикпен өңдеу жасайды, залалсыздандырылған дәке шарикпен немесе салфетакамен жабады да жабыстырғышты жапсырады.
6. Алынған материалды сағаттық шыныға ауыстырады,сүйек мидың бөліктерін алып,одан жіңішке мазоктар жасалынады. Пунктаттың (пункцияланғанда алынған зат) тез ұйып қалуын ескере отырып, мазокты тез дайындау керек.
Пункциядан кейін емделушінің тәртібі өзгеріссіз, шектелмейді.
7.Қолғапты шешіңіз.
8. қолданылған қолғапты, мақта шариктерін, марлі салфеткаларды ҚКЖҚ салыңыз.
9. қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.
10. науқасты палатаға жеткізіңіз.
11. Заттық шыны ыдыстарды материалдың кебуін күтіп, жолдамамен зертханаға жеткізіңіз.
Есте сақтаңыз: Кассирский инесі – қысқа, мандерні және иненің терең теспеуі үшін қалқаны бар қалың қабырғалы ине.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет