Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Пункция жасау кезіндегі емделушінің жағдайы: Науқасты беліне дейін шешіндеріп орындыққа отырғызады,бетін орындықтың арқасына қарату керек және қолдарын кеудесінің алдына айқастырып орындықтың арқасына қояды. Емделушіге жайлы болу үшін орындықтың арқасына жастықшы қоюға болады. Кейбір жағдайда пункция жасайтын жақтағы қолын емделуші басына немесе қарсыдағы иығына қою керек. Егер жағдайы отыруға жарамаса, пункцияны науқасты жатқызып жасауға болады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Пункция орнын (жиі VII-VIII қабырға аралығы 96% спиртпен немесе құрамында йоды бар препарпттармен және спиртпен) екі рет және залалсызданған таңу заттарымен (жайма немесе салфеткалармен) шектейді.
2. Пункция орнына 0,25%-0,5% новокаинмен анестезия жасайды.
3. 7-10 см шетіндегі канюлясы бар резеңке түтікпен жалғанған және қысқышпен қысылған инемен қабырғаның жоғарғы шетімен тесік жасайды.Иненің плевралдық қуысқа кіргені қуысқа кірген боп сезіледі 4.Резеңке түтіктегі канюланы 20мл шприцпен жалғап және қысқышты түтіктен алып,тез арада плевра қуысынан сұйықтықты алады.
5.Шприцті толтырған кезде,шприцті айырар алдында резеңке түтікке қысқыш қояды.
6.Шприцтің ішіндегі зерттеуін алып затты залалсызданған пробиркаға немесе лотокқа құяды.
7.Шприцті резеңке түтікпен жалғап, және қышқышты алып сұйықтықты соруды жалғастырады.
8.Пункция жасаудың соңында және алған соң пункция орнын құрамына йоды бар препаратпен өңдейді. Залалсызданған дәке шарикпен немесе салфеткамен жауып пластырь жабыстырады.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қолданылған бір реттік шприцтер, қолғаптар, мақта шариктері, салфеткаларды ҚКЖҚ салыңыз, пункцияға арналған инені дез.ерітіндіге салыңыз.