Педикулез анықталғанда сәйкес шараларды жүргізу Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу, дененің шашты бөлігінен бит,сіркелерді жою.
Көрсетім: бит,сіркелердің болуы
Қарсы көрсетім:тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, омыраумен емізетін аналарға болмайды.
Жабдықтар: педикулезге қарсы жинақ: медициналық халат, үшкіл орамалдар (полиэтилен,мата), 6% сірке су қышқылы ерітінідісі, жиі тісті тарақ, педикулицидтердің бірі («Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), мәрлі тампондар,лупа, қырынатын құралдар, киімдерде дезинфекциялық камераға жіберуге арналған қапшық, клеенка,резеңке қолғаптар, шелек, науқастың медициналық картасы, жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлама ( ф № 058/у), жұқпалы ауруларды есепке алу журналы ( ф№060/ у).
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқаспен мейірімді қарым қатынас орнатыңыз
Науқастың медициналық картасының парағына педикулезге өңдеу өткізілген уақыты,күні туралы белгілеңіз, м/б қолы қойылады.
Педикулез науқасты аурухананың қабылдау бөлімшесіндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына ( ф№060/ у) тіркейді.
Жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлама ( ф № 058/у) қағазын толтырыңыз және телефон арқылы науқастың тұратын мекен-жайы бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына хабарлама жіберіңіз.
Емдеу бөлімшесінде науқас мейірбикенің бақылауында болады және педикулез табылған жағдайда қайтадан өңдеуден өткізіледі.