Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын төмен түсіріңіз.
Кереуеттің бас жағын төмен түсіріп (артық жастықшаларды алу), төсек көлденең жағдайда болуы керек. Науқастың төсек ортасында жатқанына көз жеткізіңіз.
Шалқасынан жатқан науқасты кереуеттің шетіне қарай қозғаңыз.
Науқасты оң жақ қырынан жатқызғыңыз келсе, сол жақ аяғының тізесін бүгіп, оны оң аяқтың тізе асты шұңқырына тіреңіз.
Бір қолыңызды науқастың жамбасына салып, екінші қолыңызды иығына салып, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз.
Науқастың басы және денесінің астына жастық салыңыз. (бұл кезде науқастың мойыны қырынан иілуі жәнемойын бұлшық еттеріне күш түсуі азаяды).
Науқастың екі қолына да бүгілген қалып беріңіз, үстіңгі қолы науқастың иығы тұсында , ал астыңғы қолын жастыққа басының жанына қойыңыз.
Науқастың арқасына бүктелеген көпшікті қойыңыз, бұл тәсіл арқылы науқасты бір қырынан жатқызып ұстауға болады.
Көпшікті науқастың бүгілген аяғының астына салыңыз (шат аймағынан өкшесіне дейін) бұл қалып тізе аймағында ойықтардың пайда болуының алдын алу үшін де қолайлы.
Табанын 90 0 ұстап тұратындай етіп тіреуіш қойыңыз.
Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Кереуеттің тұтқаларын жоғары көтеріңіз.