|
Науқасты «арқасымен жатқызу» жағдайына жайғастыру
|
бет | 39/216 | Дата | 15.04.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #139423 |
| Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. ХНауқасты «арқасымен жатқызу» жағдайына жайғастыру
(бір ғана мейірбике орындайды)
Мақсаты : науқасқа төсекте ыңғайлы қалып орнату
Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың
алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.
Жабдықтар: функционалды кереует, 2-жастық, 4- жастықша.
қолды тіреуге арналған көпшік-2, аяқ тіреуіш ( құмды қапшық).
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа алдағы емшараны түсіндіріп, ке лісімін алыңыз.
Айналаның және науқастың жағдайын бағдарлаңыз.
Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.
Жастықшаларды, аяққа арналған тіреуіштерді, көрпеден жасалған жастықшаларды дайындаңыз.
Мейірбике тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын төмен түсіріңіз.
Кереуеттің бас жағын төмен түсіріп (артық жастықшаларды алу), төсек көлденең жағдайда болуы керек. Науқастың төсек ортасында жатқанына көз жеткізіңіз.
Науқасқа дұрыс жағдай туғызыңыз.
Басына жастық салыңыз;
Алақандарын төмен қаратып қолдарын кеуденің бойымен орналастырыңыз;
Аяқтарын жамбас – сан буындарының бойымен орналастырыңыз.
Жастықшаның иық және мойын астына салыңыз.
Белінің астына оралған сүлгіні салыңыз.
Жаймадан оралып жасалынған ораманы санының бойымен астына салыңыз.
Жастықшаны сирағының астына салыңыз.
Табанын 90 0 ұстап тұратындай етіп тіреуіш қойыңыз.
Білегінің астына жастықшаны қойыңыз.
Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Кереуеттің тұтқаларын жоғары көтеріңіз.
Қолыңызды жуыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|