Науқасты «иек-бетімен жату» жағдайына жайғастыру Бұл емшараны бір немесе екі мейірбикенің көмегімен орындайды.
Мақсаты : науқасқа төсекте ыңғайлы қалып орнату
Көрсетім: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылудың
алдын-алу, ойықтар кезінде науқастың төсектегі қалпын ауыстыру үшін.
Жабдықтар: функционалды кереует, 2-жастық, 8 жастықша.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа алдағы емшараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Оның жағдайын бағалу, кереуеттің тежегішін бекіту.
Қосымша жастық, аяғына арналған тіреуіш, ½ резеңке допты дайындаңыз;
Кереуеттің екі жағындағы тұтқаларын түсіріңіз.
Кереуеттің бас жағын көлденеңнен жағдайға келтіріңіз немесе жастықтарды алып тастаңыз.
Дененің жансызданбаған жағына қарай науқасты кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз.
Кереуеттің басқа жағына шығыңыз. Тіземен кереуеттің шетіне тұрып науқасты жансызданған жағымен аударыңыз.
Науқастың ішіне қарай жастықты қойыңыз.
Жансызданған қолының шынтағын түзеп кеуде тұсымен жатқызып мықын үстіне қойыңыз.
Науқасты жансызданған қолы арқылы абайлап іщімен жатқызыңыз.
Науқастың басын жансызданған жағына қарай бұрыңыз.
Екінші қолын төсектің басына қарай көтеріп, қолының басын ашып ½ резеңке добын ұстатыңыз.
Екі тізесін бүгіп, сирақтарының астына жастық қойыңыз.
Жастықтың көмегі арқылы науқастың аяғының басын матрацтан 90 0 болатындай етіп жоғары көтеріңіз.