Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Науқастардың беті-қолын жуындыру Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау
Көрсетім: төсек тәртібіндегі науқастар
Жабдықтау: клеенка, леген, бақыраш, сабын, сүлгі, су (ыссы және салқын), медициналық термометр.
Төсек тәртібіндегі науқастарға мейірбике ертеңгілік жуынуларды өткізуге көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Кереуеттің жанына үстіне леген қойылған отырғышты қойыңыз.
2. Науқасты бір қырына бұрыңыз немесе қарсы көрсетімдер болмаса кереуеттің шетіне отырғызыңыз.
3. Кереуеттің шетіне немесе науқас отырған күйде болса оның тізесіне клеенканы жайыңыз.
4. Науқасқа сабынды беріңіз.
5. Науқас жуынып болғанша бақырашпен жылы су құйып тұрыңыз (бақыраштың орнына арнайы «Науқастар жуынуы үшін» деп таңбаланған шәйнек қолдануға болады)
6. Науқасқа сүлгіні беріңіз.
7. Легенді, клеенканы, сүлгіні жинап алыңыз.
8. Науқасты ыңғайлы етіп кереуетке жатқызыңыз.