Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Мақсаты: Ойылудың алдын алу.
Көрсетім: Науқастардың ұзақ уақыт бойы бір қалыпта жатуы.
Жабдықтау: резеңке дөңгелек, пеленка, 10% аммиак қышқылы, камфор спирті,
ойылуға қарсы матрас, функционалды кереует.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін қарастырыңыз.
Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз - онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.
Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.
Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкше және жауырын,шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.
Ойылуға қарсы матрас қолданыңыз.
Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз жылы су және 10% камфора спиртінің ерітіндісіне, 70% этил спиртінің ерітіндісіне, 1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ертіндісіне (бір стакан суға 1 ас қасық) батырылған мақта тампонмен ойылу пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.