Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Науқастың іш киімін ауыстырудың іс-әрекет алгоритмі



бет42/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Науқастың іш киімін ауыстырудың іс-әрекет алгоритмі
Мақсаты: Науқас тезірек жазылуы үшін оның ішкиімдерінің жағдайын бақылау. Ішкиімдердің кірлену деңгейіне байланысты олар 6-7 күнде бір рет ауыстырылады.
Көрсетім: Іш киімнің кірлеуі, шамадан тыс тершеңдік кезінде.
Жабдықтау: Таза іш киім; кірленген киімдерге арналған қапшық; қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жуып, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

  2. Науқасқа процедураның барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Мүмкіндігінше кеудесінің жоғарғы жағын көтеріңіреп, қолыңызды арқасының астына апарыңыз, науқастың көйлегінің шетінен ұсай отырып, оны желке тұсына дейін көтеріңіз.

  4. Көйлекті басы арқылы шешіп, қолдарын босатыңыз, қолдарын жоғары және алдына қарай көтеріңіз.

  5. Егер науқастың бір жақ қолы зақымданған болса, киімнің жеңін алдымен сау қолы жағын шешіңіз, содан соң барып зақымданған қолы жағын босатыңыз.

  6. Кигізерде керісінше, алдымен ауру қолын, сосын сау қолын кигізіңіз. Сосын басынан кигізіп, көйлегін жазып тегістеңіз.

  7. Қатаң төсек тәртібіндегі науқастар үшін түймесіз көйлек пайдаланған жөн.

  8. Ақырындап алдымен бір қолын, сосын екінші қолын кигізіңіз, кеудесін алдыңғы жағынан жаба отырып. Түймесіз көйлектің бос ұштарын науқас кеудесінің екі жақ қыры жағынан бүгіңіз, оның төсектегі жағдайын өзгертпей.

  9. Қолданылған іш киімдерді арнайы қапшыққа салыңыз, әр палатаның босаған киімдерін жеке-жеке қапшыққа, содан соң оны бөлімшенің кіші мейірбикесіне тапсырыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Есте сақтаңыз! Ішкі киімдердің кірлену деңгейіне байланысты олар 6-7 күнде бір рет ауыстырылады. Қалі ауыр науқастардың киімін ауыстыру үшін 1-2 көмекші шақыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет