Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Науқастарға дәретсауытты беру



бет54/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Науқастарға дәретсауытты беру
Мақсаты: Қалі ауыр науқастардың зәр немесе нәжіс бөліністерін төсекте қабылдату.
Көрсетім: Зәр немесе нәжіс бөлуге
Жабдықтау: дәрет ыдысы, клеенка, ширма, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолғапты киіңіз.

  2. Науқасты ширмамен оқшаулаңыз.

  3. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, ішіне кішкене су қалдырыңыз.

  4. Сол қолыңызбен сегізкөз тұсынан көтеріп науқастың көтерілуіне көмектесіңіз. Бұл кезде науқастың тізесі бүгіліп тұруы керек.

  5. Науқастың жамбасының астына клеенка төсеп, оның үстіне дәретсауытты орналастырыңыз.

  6. Науқасты көрпемен жауып, бірнеше уақытқы оңаша қалдырыңыз.

  7. Науқас болған соң, сол қолыңызбен жамбасынан көтеріп, оң қолыңызбен дәретсауытты алыңыз.

  8. Дәретсауыттағы бөліністерді қарап, егер патологиялық өзгерістер (шырышты, қан аралас) болмаса, унитазға төгіп, дәретсауытты ыссы сумен шайқаңыз. Егер патологиялық өзгерістер болса, дәрігер келіп қарағанша қойыңыз.

  9. Қолғапты ауыстырып, таза дәретсауытты қойыңыз да науқастың шат аралықтарын жуыңыз.

  10. Емшараны аяқтаған соң, дәретсауытты дезинфекциялаңыз.

  11. Дәретсауытты клеенкамен жауып кереуеттің астына немесе функционалды кереуеттің арнайы қоятын орнына орналастырыңыз.

  12. Ширманы алып тастаңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Кей кезде науқастардың ауырлық жағдайына байланысты бұл жоғарыдағы айтылған тәсілді қолдана алмауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда:
ЕМШАРАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ:

  1. Қолғапты киіңіз.

  2. Науқасты ширмамен оқшаулаңыз.

  3. Науқасты жәймен қырынан жатқызыңыз.

  4. Науқастың тізелерін бүгіп жатқызып, бөксе тұсына дәретсауытты қойыңыз.

  5. Науқасты арқасымен жатуға аударыңыз. Бұл кезде науқастың шат аралығы дәретсауытқа тұспа-тұс келуі керек.

  6. Науқасты көрпемен жауып, бірнеше уақытқа оңаша қалдырыңыз.

  7. Дефекация аяқталсымен науқасты қырынан жатқызыңыз.

  8. Дәретсауытты алып тастаңыз.

  9. Дәретсауыттағы сұйықтықты тексеріп, унитазға құйып, дезинфекциялаңыз.

  10. Қолғапты ауыстырып, науқасқа дәретсауытты беріңіз. Науқасты жуындырыңыз.

  11. Емшара аяқталған соң дәретсауыт пен клеенканы алып тастаңыз.

  12. Ширманы алыңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Сырланған дәретсауыттан басқа, сонымен қатар әлсіреген науқастарға, ойылудың алдын алу үшін, ойылуы бар науқастарға резеңке дәретсауыттары кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет