Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Сыртқы жыныс мүшелері мен шат аралығының күтімі Мақсаты: науқастардың жеке бас тазалығын сақтау
Көрсетім: төсек тәртібіндегі науқас. Қалі ауыр науқастардың әр несеп бөлінісі және дефекациясынан кейін, зәр ұстамайтын науқастарды тәулігіне бірнеше рет жуындырып отыру қажет.
Жабдықтау: қолғаптар, клеенка, **ширма, дәретсауыт, корнцанг, мақта тампондары, салфеткалар, құмыра немесе Эсмарх сапты аяғы, лоток, су термометрі, антисептикалық ерітінді (1:5000 фурациллин ер-сі, калий перманганат әлсіз ер-сі )
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қолыңызды жуып, қолғап киіңіз.
Оң қолыңызға корнцангқа қыстырылған мақта тампондарын, ал сол қолыңызға температурасы 30-35 0 С су немесе антисептикалық ерітіндісі бар құмыра алыңыз. Құмыраның орнына ұштығы, қысқышы , резеңке түтігі бар Эсмарх саптыаяғын алуға болады.
Ерітіндіні жыныс мүшелеріне құйып тұрып, салфетка немесе мақта тампондарымен жоғарыдан төмен қарай (жыныс мүшелеріне тік ішекке қарай), ластануына қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.