Сүлік қою Мақсаты: қанның іркілуі, қан кету ( гипертониялық криз кезінде), ауырсынуды басу (тромб себеп болғанда)
Көрсетім: гипертониялық криз, қанның тамырлы іркілуі, стенокардия,миокард инфаркті,тромбофлебит, геморрой
Қарсы көрсетім: гипотензия, анемия (қан аздық), қан ұюының төмендеуі, септикалық және аллергиялық жағдайларда, антикоагулянттармен емделу кезінде, терінің жоғарғы сезімталдығы
Жабдықтау:
-эаласыздандырылған лоток,
-пинцет,
-сутегі асқын тотығы,
-глюкоза,
-пробирка,
-заласыздандырылған мақта тампондары,
-заласыздандырылған сүлгілер,таңу материалдары
Қойылатын жері: семсер тәрізді өскін аймағына, оң жақ қабырға асты аймағы, кеуде торының сол жағы,
зақымданған көк тамырдың ұзынан, құйымшақ аймағы, самай аймағы
Асқынуы: Ережелерді бұзған жағдайда тері қышымасы, қан кету, терінің іріңдеуі болуы мүкін.