Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына



бет32/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)
ҚБ сауат ашу (1), математика кб 1-сын

Қайық


Жарас қағаздан қайық жасады. Оны арықтағы суға жіберді. Қайық судың ағысымен тез жүзіп кетті. Жарас қайықты ұстай алмай қалды. Мойнақ қайықты тістеп алып келді.

  • Жарайсың, Мойнақ! – деп, Жарас күшігінің басынан сипады.

Күшік еркеледі.  Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Мәтін не туралы?

  • Жарас қайықты неден жасады?

  • Қайық неге тез жүзіп кетті?

  • Мойнақ не істеді?

  • Жарас күшігін неліктен еркелетті?

  • Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жазыңыз.

____________________________

Дескриптор: Білім алушы

    • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

    • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады.

Бөлімше 2.6 «Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау»

Оқу мақсаты:

1.2.6.1* Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігін атайды.



  • Мәтіннің жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) анықтайды.

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз.



Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көл бар екен. Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.

  • Бұл ертегі ме, әңгіме ме? Неліктен?

  • Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіннен әр суреттің мазмұнына сәйкес сөйлемді тауып оқыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет