Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
80
болғанын ұққан. Және бұл кеселдің асқынуына Әбілқайыр мен Бақты-Қожаның да
үлесі барын түсінген. Бірақ ханға бұ жағынан емес, пұшайман ғарып баланың
қасіреті жағынан келген. Көзін қулық-сұмдықпен ашқан Әбілқайыр,
бұл істе
өзінің де қатынасы бар екенін әбдіразақ дәруіш аңғарып қалды ма деп сезіктенген.
Әйтсе де «хан сырын білгеннің қаны төгілсін» дейтін ежелгі әдетке баспаған.
Өмірінен көрі жақындаған сайын, хан жаны үшін әбдіразақты көзінің
қарашығындай сақтауға бар. Сол себептен дәруішін «айтқаныңның бәрі ақылға
салынады» деп қоя берген.
Бұл кеше еді. Ал бүгін ше? Бүгін Әбілқайыр кешегісінен де қатты толқуда
отырған. Батыр Саян қашқаннан бері ол Оспан-Қожаны зынданға салып қой-
ған. Ұзақ жылғы сенімді дәйекшісінің тағдырын өзі шешкен-ді. Бірақ бер жағында
Қобыланды батырдың Ақжол биді өлтіруінен туған Жәнібек пен Керейдің ел
бөлген әлегі ортаға түсіп кетіп, Оспан-Қожа ғарып ісін тіпті естен шығарған. Сол
Оспан-Қожа ретін тауып, үлкен бәйбішесі Айбаһарам-Сүнейден Әбілқайырға «Бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Өзім де көп кешікпей зынданда шіріп өлермін.
Бірақ өлер алдында хан ием бірер ауыз сөзімді тыңдасын» деп өтініш еткен.
Зынданға өзі салдырып қойса да, Әбілқайыр
Оспан-Қожаның сөзін
тыңдамаймын дей алмады. Өйткені бұл кісі оған тым жақын, тым берілген адам
еді.
Оспан-Қожаның Әбілқайыр сан достығын, өзіне деген өмір-бақи ұмыта алмас
талай жақсылығын көрген. Соның бірі Самарқантты алатын жолы болған.
Оспан-Қожа тұқымымен сонау ескі заманнан Сайбан ұрпағына қызмет істеп
келе жатқан жан еді. Атасы әбілтас Ақсақ Темір шабуылында Барластардың
қолына түскен. Ежелден хан Ордасына берілген тұқымнан болғандықтан әмір-
Темір оны өзінің сарайына дәйекшілік қызметке алған. Осы атасынан бастап
Оспан-Қожа өзімен үшінші буын болып, бүкіл дүниені
тітіренткен сайыпқыран
Көреханның Самарқант сарайындағы дәйекші қызметін атқарып келген. Бірақ
жетім баланы қанша асырасаң да, өз әке-шешесін жоқтайды. Самарқант
Ордасында қаншама жақсы атты боп жүрсе де, атасын құл етіп әкелген Ақсақ
Темір немерелеріне Оспан-Қожаның жүрегі жібімеді. Мауреннахрға еліне қас жер,
жау жер деп қарады. Есі-дерті сонау Арқадағы хан Ордасы болды да тұрды.
Осындай ісігі қайтып, сынығы бітпеген Оспан-Қожа Күнбатыс пен Солтүстік
жағына әлсін-әлсін қарай берді. Дәйекшінің мұндай күйін пайдаланып, Әбілқайыр
жігіттері онымен байланыс жасай қалды да, екі жақты шешімге келді. Оспан-Қожа
Әбілқайырдың Самарқанттағы сыбыршысы болуға қолма-қол көнді.
Әбілқайыр Есіл, Нұра бойын өзіне қаратып, Орда-Базарда ат шаптырып,
балуан күрестіріп, батырларына олжаны бөліп, ұлан-асыр той жасап жатқанында,
осы дәйекші Оспан-Қожадан арнаулы кісі келген.
Онымен бие сауымындай
сөйлескеннен кейін Әбілқайыр, бар қолбасшыларын жинап алып: «Самарқант
қазір бос тұр. Ұлықбек мырза Қорасан мен Иракқа сапар шеккен шағында, алла-
тағала өзі сақтап тұрған Самарқантқа тәуекелдің тізгінін бұрғым келеді» деді.
«Хан борышы — жорыққа ту көтерту,
Құл борышы — туға еріп, жанын беру» — деп ескі шежіреде айтқандай, хан
айтса — қарамағындағы батыр, нөкерлері қоштайтын дәуір, қалың қолмен
Әбілқайыр Самарқантты басып алуға шыққан. Өзбек Ордасының абыройын
ойлаған хан, Шираз деген қалада: «Бірде-бір әскер егінші жұрт пен көшпелі елге