191
жұрнақ),
би-ше: бəйбіше – бай-біше, Би-кен (кісі аты). Бұл жерде
ескертетін нəрсе: қазақ тіліндегі би (əкім, бай, мырза т.б.) сөзі көбінде ер
кісілерге байланысты айтылады.
А.М.Щербактың ойынша, адамзат тарихының əлдебір ескі кез-
дерде əртүрлі жан-жануарларды киелі санап, соларға табыну əдеті бол-
ған. Түркі халықтары кейбір үй хайуандарының (мысалы,
би «бие») атын
пір тұтып, тотем етіп, фетиш сияқтандырып, бүркеншік ат етіп алатын
болғанға ұқсайды. Осыдан барып, мысалға,
бике (госпожа) деген жеке
сөз жасалса керек. Саха тілінде
бииһээ дыбыстық құрамында келген сөз
«көбею», «ұрықтану» мағынасын береді. Тұлғасы, мағынасы жағынан
қазақ тіліндегі бие сөзіне жақын. Қазақ тілінің заңдылығына сəйкес
бииһээ тұлғасындағы
һ дауыссызы түсіріліп, созылыңқы дауыстылар-
дың қысқаруынан
биэ, бие тұлғасында қалыптасқан. Яғни, «ұрық, тұқым
беріп көбейетін ұрғашы мал».
Достарыңызбен бөлісу: