Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет81/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   144
БӨГЕУІЛ//БАҚАУЫЛ 1899 жылы  Орынборда  басылып  шыққан 
“Қазақтың  мақалдар  жинағы”  атты  кітапшаға  “Аз  асқа  жасауыл 
болма‚  көп  асқа  бөгеуіл  болма”  деген  мақал  енгізіліп‚ “Не  берись 
караулить  малое‚  а  над  большим  не  скупись”  деп  аударылған.  Бұл 
жерде мақалды айтып беруші де‚ оны жазушы да бөгеуіл сөзін “сараң” 
мағынасында түсінген. Түркі ескерткіштерінде букаул - “тамақты ханға 
бермес  бұрын  оның  дəмін  татып  көретін  аспазшы” [28‚ 262 б.].  Ал 
“Рүстем дастан” жырында бекауыл - “той табақшысы” (Рүстем дастан) 


145
Ш.Уəлиханов профессор И.Н.Березинге жазған хатында “Букаул қырда 
қазір де қолданылады. Қазақтарда “Аз асқа букаул болма‚ аз ғана елге 
бек  болма”  деген  мақал  бар.  Бұл  жерде  букаул - “табақ  таратушы” 
мағынасында»  деп  жазады.  Ал  қазақ  жəне  өзбек  фольклорында  “Бөрі 
бақауыл  екен‚  түлкі  жасауыл  екен”  деген  мақал  ұшырасады.  Аталған 
мысалдардың қай-қайсысынан да бөгеуіл сөзінің (бақауыл‚ бекауыл т.б.) 
хан  сарайындағы  арнайы  шені‚  қызмет  орны  екенін  көреміз.  Бақауыл 
нұсқасы осы атаудың түбірін жолықтыратын «қарау», «көру», «бақылау 
мағынасындағы  бақ-  етістігімен  ұштастыруға  негіз  береді.  Салыст: 
бақ~бақырай~бақай~бағжи~бақыла.
КЕЛЕ  Түйе  қотыр  болса,  ботасын  былғайды‚  ботасы  келесін 
былғайды.  “Қазақ  тілінің  диалектологиялық  сөздігі”  бұл  сөзді  “жылқы 
үйірі  секілді  түйе  үйірі”  деп  түсіндіреді  [ҚТДС, 151 б.].  Ал  бұл  сөз 
В.Радлов  сөздігінде – “табун”‚ “дойная  корова”‚  қырғыз  тілінде – 
“рогатый скот”‚ “дойная корова” [РадСл. ІІ‚ 1112 б.]. Бүл сөздің тілімізде 
бірінші мағынадан алыс емес “орта‚ топ” мағынасы бар: “Қолдан келсе‚ 
бұл  жолы  Құнанбайды  келеге  салып  əшкерелеп‚  көп  алдында  тентек 
қып алмақ”. (М.Əуезов, Абай жолы). Ал бұл сөздің түп-төркініне үңілер 
болсақ‚ парсы тіліндегі галле (“стадо” мағынасында) сөзі екенін көреміз. 
ҚАРМА Балықшының үйіне барсаң - қарма жерсің‚ егіншінің үйіне 
барсаң - жарма  жерсің.  Бұл  жердегі  қарма  сөзі - балықтан  істелген 
тағамның  бір  түрі.  Тілші  ғалым  Қ.Айтазиннің  мақаласында  қарма 
даярлаудың екі түрлі жолы көрсетілген: 1) балықтың ішіндегісіне алып 
тастап‚  сыртын  қырып  тазалайды  да‚  оған  май  қосып‚  қарып  пісіреді; 
2) балықтың қабыршағын қырып‚ тазартып‚ ішіндегі торсылдақ‚ ішек-
қарын‚ уылдырығын алып тастап‚ қазанға қуырып‚ келіге түйіп жасай-
ды. Бұл сөздің түбірі - қару етістігі‚ ма- етістіктен есім тудыратын жұр-
нақ (салыстырыңыз: жар-ма‚ сүз-бе‚ кес-пе т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет